ХІІІ Ұлттық дельфий ойындары Петропавлда өтеді

ХІІІ  Ұлттық дельфий ойындары Петропавлда өтеді
жеке
блог

Биыл Ұлттық дельфий ойындары Петропавл қаласында өтеді. Қазақстанның 12 өңірінен, Алматы мен Астанадан ең дарынды дельфийліктер еліміздің солтүстігінде жиналатын болады. Шығармашылық жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық дельфий комитеті болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі өнердің жоғарғы дәрежелі форумын өз қаласында өткізіп, ХІІІ Ұлттық дельфий ойындарын өтуіне атсалысқысы келетіндігін алғашқылардың бірі болып хабарлады. - Біз Қазақстан Республикасының ХІІІ Ұлттық дельфий ойындары сияқты осындай абыройы асқақ мәдени жоба 2018 жылы еліміздің басты оқиғалары: ҚР елордасы - Астана қаласының 20-жылдығын және Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ынтымақтастықтың ХҮ-ші Форумын Петропавл қаласында мерекелеу іс-шараларын өткізуге итермелеуші күш болатынын ерекше мақтанышпен айтамыз - деп атап өтті СҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Нұрмұханова. Брифинг барысында белгілі болғандай Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына еліміздің дарынды жастарының шығармашылығымен 20-дан аса алаңдарда танысуға мүмкіндік туады.  -Ұлттық Дельфий ойындары - бұл ең алдымен солтүстік өңірдің мәдени және ғылыми дәстүрлерін дәріптеуге, ерекше жарқын дарындарды табуға, біздің жастардың рухани баюына мүмкіндік туғызатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қойылған тапсырмаларға сәйкес келетін мәдени оқиға. 13-ші Ұлттық Дельфий ойындарының айырықша ерекшелігі ол Екінші Парадельфийлік ойындардың есту қабілеті бұзылған балаларға арналған «Хореография» мен «Ишара тілінде ән орындау» деген екі номинациясы, сонымен қатар жаңа қосылған «Арбаға таңылған жандар биі» номинациясының тұсауын кесу болып табылады» - деп атап өтті Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай Түсіпбекова. Қарашаның 1-нен 5-не дейін мәдениет пен өнер саласында көптен күткен оқиға - ХІІІ Ұлттық дельфий ойындары өтеді. Бұл ойындар жастардың көңілін аударту және облыстар мәдениетімен таныстыру мақсатында жыл сайын әртүрлі облыстар орталықтарында өткізіледі. Биылғы жылы аталмыш ойын Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында өткізілетін болады. Өнер саласындағы маңызды форумның негізгі мақсаттарының бірі - дарынды жасампаз жастарды анықтап, қолдау көрсету, орындаушылардың кәсіби деңгейін жоғарлатуға септігін тигізу, асқақ өнер арқылы жас буын өкілдеріне патриоттық тәрбие беру болып табылады. Биылғы жылы 18 номинация бойынша өтініштер қабылданды. Олардың арасында фортепиано, баян, аккордион, ұлттық аспаптар, театр, халық әндерін, академиялық, эстрадалық әндерді орындау, халық биі және заманауи билер, фото сурет, тележурналистика, қысқа метражды кино (видеороликтер), бейнелеу өнері, киім дизайны, декоративті-қолданбалы өнер және басқалары бар.