Алматыда спорт алаңы ашылды

Алматыда спорт алаңы ашылды
жеке
блог

Алматының орталығында орналасқан аулалардың бірінде әмбебап спорт алаңы ашылып, аула спортының фестивалі болды. Басты мақсат – балалар арасындағы әуесқойлық спортты дамыту.

Sport Concept ҚҚ ұйымдастыруымен өткен шарада барлық қонақтарәуелі Space Team арнайы әзірлеген ашық жаттығуға қатысты. Балалар қазақстандық чемпиондармен құмары тарқағанша футбол және тіпті үлкен теннис ойнады. Жас кәсіпқой спортшылар «Стрижи» және «Медведи» хоккей клубтарының арасында символдық матч ойнады. 

Бұдан басқа, аула алаңында балаларға арналған әуесқойлық хоккейден тегін секциялар ұйымдастырылды, Алматы қаласы Алмалы ауданының командасы құрылды. Осынау шаралардың бәрі Hardee’s Kazakhstan мейрамханасының қолдау көрсетуінің арқасында мүмкін болды. Жоба бір жылға есептелген, оған жеті жасқа толған және одан үлкен балалар қатысады.

Sport Concept ҚҚ өз жұмысын 2014 жылы Қазақстандағы «Навстречу переменам» (Reach for Change Kazakhstan) қорының қолдаумен және Tele2 компаниясының ақшалай демеуімен бастады.

Әмбебап спорт алаңы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауының, «Эталон» жөндеу-құрылыс кәсіпорны» ЖШС демеушілігінің және меценат Валентин Прокопенконың қолдау көрсетуінің арқасында пайда болды. 

Суреттердің авторлары - Светлана Бейсеева, Борис Алексеев