Студенттің сағынышы

Студенттің сағынышы
жеке
блог
 
Бұрын мектепте оқып жүрген кезімізде қашан бітіреміз қашан қалаға барп оқимыз деп асығатынбыз. Қалаға барған соң басында қаланың өміріне үйренісе алмай ауылды, үйді сағынып қысқы демалыс басталғанша тіпті күн санап кеттік. Содан кейін бірте бірте қаланың тіршілігіне де үйреніп кеттік. Жаз басталғанда жазғы демалысты күтіп тіпті  сабақтан қашып құтылғандай маусымның 14 і сабақ бітсе 15 і ауылға бардым. Солай 1 курстыда бітірдік аман есен.Содан 2 ай жарым ауылда болдым.Үйге барып "өз үйім өлең төсегім"деп мауқымды бастым. Ауылда сыныптастарыммен жиналып паходқа шыктық, шашлык жасадық туған күнімді тойладық , Құныскерей үңгіріне бардық.
 Би менің қазір хоббиім. Ауылдағы концерттерге қатысып кішкентай болсада өз үлесімді қостым.. Осылай уақыт тез өтіп кетті. Сыныптастарыммен жиналып бір бірімізді қимай газонда ойын ойнап,мектептегі қызықтарымызды айтып күліп ойнап отырамыз. Барлық ауылдың жастары бізге қызығып ұйымшылдықтарын күшті екен көп жиналасындар дейді тфу тфу))
Осылай ұйымшыл болып бір бірімізді ұмытпай жиналып тұрайық (қалада да ауылда да). Алайда ауылдан кеткін келмейт. Ауылдың арайлап атқан әр таңы мен шаңдатып өткен дауылына еш нәрсе де жетпейді екен.