AI немесе Жасанды Ақылдылық Келешегі

Бүгінгі таңда ерекше маңызы бар тақырыптардың бірі-ол АІ(artificial intelligence) немесе жасанды ақылдылық. Әлемнің ең басты хабар арналарында, технологиялық сайттар немесе журналдарында аптасына кем дегенде бір мәрте технологияның дамуы әсіресе жасанды ақылдылық және оның келешекте әкелер өзгерістері жайында мақалалар жариаланады. Батыс жұртының осыншама мән беріп, талқылап келе жатқан бұл жасанды ақылдылық дегеніміз не сонда? Оны алғаш 1956 жылында ойлап тапқан Жон Маккартидың айтуынша, жасанды ақылдылық дегеніміз технология ғылымының бір бөлігі және негізгі мақсаты адамдар секілді ақылды, өзін өзі басқара алатын машина, робот және компьютерлік жүйелер жасап шығару. Шындап келгенде жасанды ақылдылық тек технология емес, психология, биология, филология, математика және инженерлік дисциплиналарын терең зерттеп, әрбіреуінен өз үлесін ала отырып жетілетін білім саласы.  Кейбір мамандар жасанды ақылдылық біздің өмірімізді жеңілдетеді десе, әйгілі ғалым, Профессор Стифен Хаукинг жасанды ақылдылық адамзаттың құлдырауына апарып соғады дейді.  
 
Әзірге жасанды ақылдылықтың жемісін ақылды телефондарда немесе өздігінен жүретін көліктерде көруге болады. Бірақ келешекте жасанды ақылдылықты машиналар немесе жүйелердің адамдардан неше мәрте ақылды болып жасалуы жоспарлануда. Яғни соған қарай келесі ғасырда көптеген іс орындарын адамдардың көмегінсіз бір жүйемен ғана басқаруға, жұмыстатуға болады және бұл жағдай көптеген адамдардың жұмыстан шығып қалуына себепші болуы әбден мүмкін.
 
Едисон алғаш жарық лампасын 1879 жылы мыңдаған сәтсіз тәжрибелерден кейін ойлап тапқан (кейбір ресурстар басқаша жазады).  Одан кейін Алан Туринг соғыс кезеңінде Фашисттердің байланыс коддарын бұзу үшін ең алғашқы компьютер деуге болатын алып машина ойлап тапқан. Алғашында бұл сияқты компьютерлер өкімет мекемелері немесе зерттеу орталықтырында қолданылған болса, кейінгі жылдарда әрбір үйде, әрбір адамның жеке қолдануына ыңғайлы етіп шығарылды. Содан соң ұялы телефондар, ақылды телефондар және т.б пайда болды. Технология саласы жел іспетті жылдам жылжыды. Өткенде әйгілі Гоогле компаниясында жұмыстайтын инженердің сөзіне құлақ түріп қалып едім, біздің қазіргі өмір сүріп жатқан дауіріміз “internet of things” немесе “заттардың интернеті” дауірі дейді ол. Заттартың интернеті дегеніміз барлық информацияны, товардарды интернеттен табуға болатын дауір. Заттар интернеті дауірінен кейін келетін  жасанды ақылдылық дәуірі адамзаттың келешегін түбегейлі өзгертері анық.
 
 Әрбір дәуірде технологиялық дамумен қатар қоғам қалыптысқынмен қоймай, әр саты жоғары өрлеген сайын сомен бірге өсе білген, жетілебілген адамдар мен мемлекеттер әрқашан алдыңғы қатарларда көрініп отырады. Дауірдің дамысы және қажеттілігіне сай өмір сүрмеген, білмеген адамдар мен мемлекеттер артта қалып қойады.
 
Негізінде айтпақ болған мәселем біз осы технологиялық өзгерістерге, келешекке қаншалықты әзірміз? Ұялы телефондарымыз кейбір кезде бізден де ақылдырақ, тіпті сондағы функциалардың барлығын қолданып білмейміз де. Өз басым жүзуді үйрететін жабық бассейнсіз, кішкентай қалашықта өскенмін. Ата анамыз апарайын, үйреткізейін десе де ол кездерде жөні дұрыс үйірмелер де болмады делік. Бірақ қазіргі заманда интернеттен барлығын табуға болады, тіпті үйде отырып жұмыс істеуге болады. Ертеңгі күні біз білмегенімізбен келешек ұрпақтар мені неге бұл жайттарға, технологиялық өзгерістерге дайындамадың десе жауап бере аламыз ба? Сол себебті кішкентай бүлдіршіндерді үлкейгенде қандай маман иесі болса да кішкентай кездерінен бастап код жазуға, механиқалық ойыншықтар құрастыруға баулу , компьютерлік жүйеге ынталарын арттыру дұрыс болар.  Ата әжейлер ақылды телефон қолданған жастарға ақылды дейді, бұл ақылдылық емес, телефон өзіде ақылды, кез келген адам қолдана аларлықтай етіп жасалған, бұған өнер керек емес. Бірақ сол ақылды телефонның жүйесін жазуға, басқаруға ақылдылық қажет.  Сіз бен біз жасанды ақылдылық дәуіріне дайндық жасауға кеш қалдық делік бірақ бүлдіршіндердің келешегіне балта шауып не керек, оларды заманға сай өсіріп, білім алудары үшін бар күшімізді салалық. Жасанды ақылдылық дәуірінде қоғамның қажеттілігіне сай технологиялық білімді жастар көбейсе, бұның мемлекеттердің де дамуына үлес қосар үлкен көрсеткіш болары шүбәсіз.


Бөлісу: