Оты сөнбес - Өзтүрік

Оты сөнбес - Өзтүрік
жеке
блог

Балалық шағында әркімнің пір тұтатын адамы болады. Өзім Таэквондо спортын жақсы көргендіктен бе? Мұстафа Өзтүрік жүрегімдегі ерекше адамдардың қатарынан болатын. Сол себепті, бүгінгі жазбамда мәңгілікке оты сөнбес - Мұстафа Өзтүрік жайлы айтып бермекпін.

Мұстафа Қабылұлы Өзтүрік атамыз, қазақ отбасында 1954 жылы 24 қарашада Түрік республикасының, Стамбұл қаласында дүниеге келген. Әлемнің алты дүркін чемпионы. Таэквондодан қара белбеу, 7-дан иегері. Түрік және Қазақ жерлерінде таэквондо мектептерін ашқан жалғыз адам. Әлем жаттықтырушысы деген атқа ие. Негізгі мамандығы тілші және де саясаттанушы. 1990 жылы Қазақстанға келіп жұмыс істейді. Ал 1991 жылы Қазақстан Республикасында таэквондо мектебін ашады. Осында жаттықтырушы қызметін атқарады. Бүкіл әлемдік таэквондо федерациясына Қазақ елі 1993 жылы қабылданады. Мұстафа атамыздың маңдай терінің арқасында Қазақстан алғашқы рет, әлем бойынша әскери адамдар арасындағы жарыста, топтық кезеңде екінші орынды иеленді. 

Қазіргі кезде, таэквондо спорты Қазақ жерінде өте жақсы дамып келеді. Арман Чилманов атты олимпиада жеңімпазы және де көптеген спорт клубтары биік белестерді бағындырып жатыр. 

Мұстафа Өзтүрік небәрі қырық жасында өмірден өтсе де. Қазақ елі үшін, сіңірген еңбектері, халқымыздың есінен ешқашан кетпейді. 

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ