Португалияның атақты әшісі кім?

Португалияның атақты әшісі кім?
жеке
блог

Атақты "Фаду" стилінде айтып, көптің көнілінен шығып, атақты болған Dulce Pontes туралы сөз қылмақпын. Жүрекпен айтып жеткізетін Дулсе Понтеш, шығармашылығына қатты көңіл бөлді!

Dolce

Португалияның  ғана емес, әлемді  мойындатып, еңбегінің арқасында атақты әнші болған Dulce өнердің қиыншылығын көп көрді. 1969 жылы 8 сәуірде Сетубал округіне қарасты Монтижу қаласында дүниеге келген. Бала кезден ән айтумен қатар пионинода ойнауды қатты жақсы көрген.  Музыкалық мектепті бітіріп, Лиссабондағы консерваторияға түседі. 7 жастан 17 жас аралығында заманауи бимен шұғылданып,  1988 жылы кастингке қатысып кәсіби карьерасын актрисалық және бишілік өнерін музыкалық комедияда қолданады. Ал 1991 жылы Португалияда өткен конкурсты жеңіп «Евровиденияға»  жолдама алды. «Lusitana Paixão» Әнін орындап 22 қатысушыдың арасында 8 орынға ие болды. Португалияның атынан шыққан үздік әнші болып танылды. Соның арқасында тек Партугалияға емес, бүкіл әлемге танымал болды.

Dolce

Dulce өзінің әндерін өзге әншілермен де орындады. Мысалы: атақты Эннио Морриконе, Андреа Бочелли, Хосе Каррерас.    Dulce Музыкалық ортада Ең мықты әнші болып саналады. 

Олай болса тамашалап,бағасын беріңіздер!

Пікір Қалдыруды Ұмытпаңыз!!!