Silk Music Fest және Әдеби-музыкалық эксперимент

Silk Music Fest және Әдеби-музыкалық эксперимент
жеке
блог

SilkMusicFestәлемнің түкпір түкпір жиналған музыканттар мен талантты вокалисттердің концерттерінен құрылған халықаралық музыка фестивалі. Алматыда өткізілген SilkMusicFestфестивалінде Ресей, Чехия, АҚШ, Армения елдерінің белгілі музыканттары қатысқан. SilkMusicFest коммерциялық мақсатта жасалатын фестиваль емес, керісінше, талғамы жоғары көрермендерге үлкен рухани күш-қуат сыйлайтын, мәдени құндылықтарды тануға жол ашатын фестиваль. Сондай-ақ, бұл фестивальге қатысатын әлемдік жұлдыздар мастер-класс дәрістерін өткізеді. Фестивальге шақырылған арнайы қонақтардың бірі белгілі маэстро Юрий Башмет Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттеріне тегін мастер-класс дәрістерін өткізеді.

Қазанның 21 жұлдызында Астана қаласында, 22 қазанда Алматы қаласында дирижер Юрий Башмет пен ресейлік актер Константин Хабенский әдеби-музыкалық эксперимент ұсынады.

Бірінші бөлімде классикалық музыка шырқалса, екінші бөлімде аты аңызға айналған композитор Камиль Сен-Санстың «Карнавал животных» туындысы орындалады. Бұл туындыға арнайы музыка мен текст жазылды.

Концертке билеттерді екі қалада орналасқан кассалардан немесе Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.