CҮЙІНШІ!!!

 

        – ...Ата сөздерін сол қалпында күнделікке түсіруге тырысатынмын. Атаның саясатқа, қоғамдық құрылысқа, әділетсіздікке, құдайдың құдіреті мен тылсым күштерге байланысты сыртқа айтуға болмайтын талай пікірлері мен өткір сөздері, «көзге бір шұқымай қоймайтын шындықтың» келетіні жайлы, көрегендігі туралы әңгімелері күнделік беттеріне сақталып қалып еді. Сонымен бірге ол кезде ұлттық рухани құндылықтарды да ашық дәріптеуге болмайтын. Айтсаң, «ұлтшыл» атанып, соңыңнан шам алып түсетін. Жазсаң «цензура» деген сүзгіден өтпейтін, коммунистік қырағы саясаттың қайшысына ілініп, қырқылып қалушы еді, – дейді автор.
       Демек, «Бабалар аманаты» – «Шуақты күндердің» әрі жалғасы, әрі «қалып қойған бір бөлігі». 
Сонымен...
       * Егер сіз әке, ата, қайын ата – Бауыржан Момышұлының  күрделі бейнесін толық танып-білгіңіз келсе;
       * Егер сіз батырмен өмірде аралас-құралас болған танымал тұлғалар – Қасым аға Қайсенов, Рахымжан аға Қошқарбаев, Нұрғиса аға Тілендиевтер жайлы кеңінен білгіңіз келсе;
        * Егер сіз ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, біздің қазаққа ғана тән ұлттық ерекшеліктеріміз жайлы мағлұмат алғыңыз келсе;
        * Егер сіз ұлттық мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз бен Жетілік ұғым туралы толық білгіңіз келсе, «БАБАЛАР АМАНАТЫН» оқуға кеңес беремін. Келешек ұрпаққа берері көп әрі халқымыздың үлгі-өнеге, дәстүр- салты молынан қамтылған қазына-кітаптың әрқайсысыңызға рухани азық сыйлары сөзсіз. Бабалар аманатына адал болайық, оқырман қауым...
(Кітапты «Санат» баспасының дүкенінен алуға болады. Қосымша ақпарат үшін – 87016520613. Хабарласыңыздар!)


Бөлісу: