Қарындасым
жеке
блог

Қарындасым

Қарындасым
Сені бізге Аллаһ берген аманатым,
Ағаң едім мен сенің қорғанатын!
Аманатқып тапсырдым сені бүгін,
Қыз баланы жат-жұрттыққа жаратқасын!

 

Қарындасым
Бастарыңа бақ қонып үяласын,
Қызыр дарып үйіңді араласын.
Той-думанға жалғастыр отбасыңды,
Шаттық, күлкі үйіңнен арылмасын.

 

Қарындасым
Өмірдің ажыратып ақ-қарасын,
Келдің жасқа ақылың тоқталатын.
Сұлтаныңа еркелеп ханшайым бол,
Күйеу бала өзіңе хан болғасын!

 

Қарындасым
Жүрегіңде иман оты дамылдасын,
Нәпсі, сайтан сендерді азғырмасын.
Алла ұлық әр қашан есте сақта,
Екі дүние бақытын бүйыратын!
Бақытты бол аяулы қарындасым!!!