ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА
жеке
блог

ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

  • Ұлыңызды шектен тыс қорғаштамаңыз.
  • 3 жастан кейін ұлыңызды қойныңызға алып жатпаңыз. Бұл әрекетіңіз ұлыңыздағы батылдық сезімі мен өз-өзіне сенімін жояды.
  • Ұлыңызға арқа сүйемеңіз. «Менің сүйенішім», «мені бағады», «өмірімнің мәні» секілді сөздеріңіз ұлыңызға өте ауыр жүк жүктеп, белгілі бір уақыттан кейін «мен анама лайық емеспін» деп жеткіліксіздік сезіміне душар болады.
  • «Мен сенің бақытың үшін осыншама күш жұмсап жүрген болсам, сен бақытты болуға мәжбүрсің» деген сөздеріңізбен ұлыңызға қысым жасамаңыз.
  • Ешқашан ұлыңызбен одақтас болып жұбайыңызды шеттетпеңіз. Ұлыңызды әкесінен алыстату арқылы оны өмірінде үлгі алатын моделінен айыратыныңызды ұмытпаңыз!
  • Ұлыңызға қызметші бола көрмеңіз. Әр қалауын орындау арқылы әйелді қызметші ретінде көруіне себепші болмаңыз. Ұлыңызды өз ісін өзі істеуіне бейімдеңіз.

 

 

Елжас Ертайұлы

«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы

Instagram: @yelzhas_ertaiuly_kenesshi

https://www.facebook.com/yelzhasyertaiuly

https://www.facebook.com/kenesshiyelzhas