Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Құрметті массагеттіктер! Қуанышты жаңалықты сіздермен бөлісуге асық болып отырмыз. Көптен күткен Massaget.kz мобильді қосымшасы іске қосылды. 

Бүгінге дейін сайттың экранға бейімделетін нұсқасын қолдансаңыздар, енді Массагет мақалаларын мобильді қосымша арқылы оқи аласыздар. Расында бұл қосымшаны бәріміз көп күттік. Оқырмандарымызға сайттың 6 жылдығы қарсаңында жақсы бір сыйлық болды деп ойлаймыз. Себебі, соңғы бір жылда осы өтінішпен редакцияға көптеген хат келіп түсті. 

Қалай жүктеймін? 
Play Market (Store) қолданбалар дүкенінде оңай орнатуға болады. Немесе мына сілтемеге өту арқылы жүктей аласыз. 

Қалай қолданамын?
Мобильді қосымшаны жүктегеннен кейін, қысқаша нұсқаулықты көресіз. Сол нұсқаулықты мұқият қарап шығыңыз. Бүгін қосымшаны қолдану туралы видео нұсқаулық жарық көреді. 

Не себепті тек Android операциялық жүйесіне арнап жасадық? 
Әзірге тек Android-та жасауымыздың себебі елімізде жыл басында смартфон қолданушыларының 73,16%-ы Android-ты пайдаланса, 23,53%-ы IOS-ты тұтынған. Ал Google Analytics платформасына сенсек, порталымызға смартфон арқылы кіретін оқырмандардың Android-ты пайдаланатындары 84,83%-ды құрайды екен. Ал 15,17%-ы IOS жүйесін пайдаланады. Осы үлес салмақты есепке алып, бірінші кезекте Android-та іске қосуды жөн санадық. Бірақ, болашақта Apple қолданушыларын да қуантамыз.

Хат жолдаңыз...
Қосымшаға байланысты сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, хат жолдаңыз (massaget.kz@gmail.com), пікір жазыңыз. Алдағы уақытта талап-тілектеріңізді ескеріп, мобильді қосымшаны жаңартып отырамыз. Сіздердің ойларыңыз біз үшін аса маңызды!

Ал мобильді қосымшаларыңыз құтты болсын!

2800 7
Рейтинг: +3

Фото:
massaget.kz
Жазылған уақыты: 12 қазан, 10:17
Тегтер: Massagetkz, массагет, мобильді қосымша, смартфон, андройд, ios, Android,
Пікірлер
+1
12 қазан, 14:23

Жақсы бастама!!! Осындай қазақша сайттарымыз көбейе берсін.

+0
13 қазан, 11:12

Рақмет, Мадина! Айтқаныңыз келсін!

+1
12 қазан, 14:37

Құттықтаймын!!!

+2
12 қазан, 23:16

Блок жазу, Massagettegi өз акаунттыма кіру жағы қалай болады кіре алмай жатырмын?

Әлде ол жағы әлі жасалмағанба?

+0
13 қазан, 11:13

Ғалымжан, дұрыс айтасыз, ол қызметтерді алдағы уақытта қосамыз.

+1
28 қазан, 00:58

салеметсіз бе? сіздерге материалды қалай жібереміз? неше сөз, неше сөйлемнен аспау керек. біз жібере алмай жатырмыз. жауап күтеміз

+0
16 қараша, 16:12

Сәлемет пе, Жадыра!
Кештеу жауап бергенім үшін кешірім сұраймын!
Материалды:
- Редактор бағанының төмен жағындағы "Материал жіберу" батырмасын басу арқылы;
- Massaget.kz@gmail.com электронды адресіне хат долдау арқылы жібере аласыз.
Мақаланың орташа көлемі 2500 - 3000 символдан аспағаны жақсы. Егер асып кетсе, екіге бөліп беруге де болады. Рақмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...