Латын әліпбиі

Латын әліпбиі
жеке
блог

Блог тақырыбын таңдау барысында соңғы кезде халықтың арасында өзекті тақырыптарды қарастырдым. Соңғы бірнеше аптаның ішіндегі жанармай дефициті, Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ еліндегі жемқорлық туралы пікірі, жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан мұнай бағасына қарамастан ұлттық валютаның кенет бәсеңдеуі, еліміздің үш тілдік саясатқа ауысу және де қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуі. Осы тақырыптардың ішінен өзіме ең жақын болып көрінгені қазақ әліпбиінің латын түпнұсқасы. Осы блогте қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің қажеттігі емес, латын тұпнұсқасының түрлері қарастырылады.

Соңғы ғасырлардың тарихына шағын шолу жасайтын болсақ, 1929 жылға дейін қазақ халқы араб-парсы жазуын қолданған. 1929-1940 жылжар аралығында "Ортақ түрік әліпбиі" - Жаңаліп (Яналиф) қолданыста болды. 1940 жылдан бастап кирил әліпбиі қайта қолданысқа енгізілді. 1950 жылы Шыңжан Ұйғыр автономиясының үш облысын мекендейтін қазақтарға арнайы пинйін (қытай тіліндегі пайдаланылатын латындарылған дыбыс таңба жүйесі) негізіндегі жазу енгізілді. 1980 жылдан бастап қытай қазақтары төте жазуына көшті. [1]  


«Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады», — деді Мемлекет басшысы. [2]


Реформаны дайындау барысында Президент Әкімшілігіне негізгі 4 түпнұсқа ұсынылды: диакритикалық нұсқа, әріптік комбинациялар нұсқасы, 2004 жылдан бері белгілі QazAqparat нұсқасы және де 2017 жылдың қазан айында ұсынылған түпнұсқа.

  • Диакритикалық нұсқa

Диакритикалық нұсқаға тоқталатын болсақ, мұнда барлық қазақ тіліне тән әріптер спецсимволдармен берілген. Ғаламтордың түпкірлерінен осы нұсқаның қысқартылған түрін табуға болады, қысқартылған нұсқасында басқа тілдерден енген сөздерде ғана кездесетін Ё, Ю, Я, Ь, Ъ, Ц, Ф әріптері жоқ.  
1

  • Әріптік комбинациялар нұсқасы

2017 жылдың жазында ұсынылған латын әліпбиінің үлгісінде Ә, Ң, Ғ, Ү, Ө, Ч, Ш, Ж әріптері екі әріптің комбинациялысынан тұрады. Мысалы, ә – ae, ң – ng, ғ – gh және т.б.   

2


"ASTANA. QazAqparat - Qazaqstan Prezïdentі Nursultan Nazarbaev TMD-ğa müşe memleketter basşıları keñesіnіñ şağın quramda ötken otırısına qatıstı, dep xabarlaydı Aqordanıñ baspasöz qızmetі." [3] - QazAqparat порталындағы мақаладан үзінді. 


  • 2017 жылдың қазан айында ұсынылған түпнұсқа

Қазан айының басында ұсынылған түпнұсқа басты ерекшелігі – қазақ әліпбиіне тән әріптерді дәйекше қосу арқылы белгілеу.

 3

Менің жеке ойымша реформаны жүзеге асыру барысында ұсынылған барлық түпнұсқалар қолданыста өте қиын болып келеді. Әр әріптен кейін дәйекше қосу, бір әріпті екі әріптің комбинациясымен жазу, «у» әрпін «w» әрпімен белгілеу, «і» және «и» әріптерін бір «І» әрпімен белгілеу – мұның барлығы көптеген қолайсыздыққа алып келеді. Осы мәселені шешу жолының бірі ретінде ұсынылған түпнұсқалардың жақсы жерлерінен теріп алынған келесі әліпбиді ұсынғым келеді:

4

---

Сілтемелер тізімі:

[1] - https://goo.gl/bqwjCQ

[2] - https://goo.gl/8Lyrx9

[3] - https://goo.gl/JcJGdB