Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Латын әліпбиіне көшудің 5 пайдасы

Латын әліпбиіне көшудің 5 пайдасы

Латын әліпбиіне көшудің  5 пайдасы

Соңғы кезде жаңалықтар лентасын шулатқан тақырыптың бірі -  латын әліпбиіне көшу. Бұл ұсыныс алғаш  5 жыл бұрын сөз етілгенде, алынбас қамалдай көрінгені рас. Енді, міне, жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылып, халық арасында кең талқылану үстінде.  

Өз басым, бұл ұсынысты толықтай қолдаймын. Себебі:

1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал  дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен.

2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады.  Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 

3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек.

4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті.

5. Әліпби өзгерту  төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп,  қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді.

Бүгінде латын әліпбиі сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады.

Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді, әрине.

Бастысы, халық болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын. 

 

Аяулым Өмірбаева,

Семей қ. Шәкәрім атындағы МУ-дың 4-курс студенті. 

4
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 12 қазан 2017, 01:14
Тегтер: латын, әліпби, латын әліпбиіне көшудің пайдасы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.