Химия нарығында өткен тәжірибемен бөлісу

Мен ,Адамов Асыл, 2017 жылы Рауан Налкода тәжірибе алдым.

«РауанНалко» ЖШС - өз өндірістік қуаты мен заманауи сынақ зертханасы бар қарқынды дамып келе жатқан жоғары технологиялық мұнай-химия кәсіпорны. Сол жерде мен зертханалық ыдыстарды жуымен айналысып (зертханалық жабдықты таза қалдыру өте маңызды !!!) және жергілікті зерттеушілерге көмектесіп, олардың бақылауында тәжірибе жүргіздім. Мансап және кеңес беру орталығымен ашылған CAC Career Net платформасының арқасында менің академиялық қызығушылықтарыма негізделе отырып басқа 5 химиялық зауыт арасынан Рауан Налкоды таңдадым.

Атырауды таңдағанымның бірі - Қазақстанның батысын көру болатыню. Себебі бұл өлкеде химия нарығы жақсы дамыған. Мен дәл сол атмосфераны сезінгім келді және отандық химия нарығымен танысу. Тағы бір мақсат - өзім ешқашан болмаған мекен-жайға барғым келді. Менің болжауымша, батысқа сапар қиын және керемет болды. Мысалы, пәтерді жалға алу , мен білмеген қаламен танысу, жергілікті тұрғындар диалектісіне үйренісу, әсіресе ыстық және ылғалды климатта өмір сүру менің сапарымды есте сақтауға мүмкіндік берді. Шынымды айтсам, бұрын мен осындай жағдайға, қиын және бір мезгілде мені күшейтетін, тап болған жоқпын. Бұл тәжірибе менің көкжиегімді кеңейтіп қана қоймай, ақиқаттың көзімен қарауға көмектесті дегім келеді. Сондықтан менің сапарыма қанағаттанамын.

Бұрын айтқанымдай, Рауан Налко - бұл мұнай және газ кен орындарына арналған химикаттарды шығаратын компания. Студенттің зертханадағы өкілеттігі болмағандықтан, студенттің негізгі міндеті нақты қызметкерлердің нұсқауларын орындау мен қадағалауларын ұстанумен шектеледі. Жалпы зертхана үш бөлімнен тұрады: бақылау және сапа зертхана, мұнай зертханасы және су зертханасы. Су лабораториясында суды ауыр металдардың және судың қаттылығын тексереді. Тексеру және сапа бақылау зертханасы фабриканың өнімін физикалық және химиялық қасиеттеріне тексереді. Ал мұнай зертханасы Қазақстандағы жоғарғы мұнай кен орындарынан алынған үлгілермен айналысады. Мен көп уақыт мұнай зертханасында темірдің ингибиторы және парафин ингибиторымен жұмыс істедім.Нақтырақ айтқанда, дәл осылар химиялық заттар мұнайдың бүткил маусым бойы құбыр бойымен ағуына мүмкіндік береді. Себебі олар құбырлардың бойында жиналатын парафин немесе темір татының жиналуына жол бермейді.

Қорытындылай келе, барлық студенттерге өздерінің болашақ жұмысына тікелей қатысы бар тәжірибелерден өтуге кеңес беремін. Практикалық тәжірибе, біз сабақтардан үйренген барлық теориялық білім және нақты тәжірибе арасында жер мен көктей айырмашылық бар екенін көрсетеді. 



Бөлісу: