Әкем айтқан алты ақыл

Әкем айтқан алты ақыл
жеке
блог


1. Ешкімге сенбе! Тіпті маған да сенбе! 

2. Өз жолыңды тапқан екенсің, енді сол жолдан шығып қалмас үшін білімді бол. Білім ешқашан көптік етпейді. 

3. Қате жазба! Жазғаныңды бірден «осы екен ғой» деп жариялай салма. Бір күн тұрсын, сүрленген соң дәмін көр, бабында болса жария қыл. Ал ұнамаса өшіріп тастаудан қорықпа. 

4. Кітап оқы! 

5. Көзің жетпейтінді «көрдім» деме, аяғың баспаған жерге «бардым» деме, білмесең «білем» деме. 

6. Туысшыл бол! Олардан басқа жер бетінде кімің бар? 

(с) Марғұлан Ақан