Астанадағы Массагет порталының қолданушылары: Есіл Еркесі, Абай Конвикт, Абзал төртеуіміз жиналып, "Керуенде" шәй ішеміз деп келіскенбіз. Неге екенін, Абзал кешікті. Сөйтсееееек ) Абзалдан бір кісі (Массагеттің қолданушысы, жанашыры, жанкүйері) ашықхатымен бірге мынадай тосын сый беріп жіберіпті. Абзал жиырма үш талын санап берді ) Қызға гүлден артық қандай сый бар дейсіз? Риза болып қалдым. Гүлді беріп жіберген кісі менің осы жолдарымды оқып отырған болса, оған үлкен рақметтен басқа айтарым жоқ... )
Туған күніммен құттықтап, көлдей ғып блог жазған Нұрзияшым мен Аселегіме және барлығыңызға мың рақмет! Бастысы - көңіл ғой. Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын! Бәріңді жақсы көрем! :)