Әңгіменің ашығы...
жеке
блог

Әңгіменің ашығы...

Өткендегі Астанада орын алған үнділер мен қазақтар арасындағы қақтығыс біраз нәрсенің басын ашып берді. Қақтығыс екі жақтың араласуымен орын алады. Соңында айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылады. Өкінішке орай шелек түбінде қалатын өмірі қазақ. Неге? Астанадағы жағдайдың Алматыдағы көрінісін айтайын.

Алматы қаласында Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің қилысында «Friday» дейтін түнгі клуб бар. Жас болған соң бардық. Сол кезде куә болғаным мынау, есік алдында тұрған күзетші екі ірі қазақ жігіті, сырттан келіп тұрған қазақтың жас жігіттерін тексеріп, камераға қарауын талап етіп, қинап естерін шығарады. Ал егер түсі қара не сап-сары ағылшын, үнді, түріктер келсе еркіндік. Оларға тексеру жүрмейді. Бір сөзбен ақшалары бар, демалсын дейтін шығар. Сонда қазақтың қалтасы тесіліп қалды ма? 

Дәл осы жағдай осы ару қаланың, «Сайран» көлік бекетінде орын алды. Шымкенте жол алып тұрмын. Билет қалтамда. Жүруге 20 минуттай ғана уақыт қалды. Есік алдына шығып шылым ды аузыма салдым, бірақ тұтатпадым. Жан-жағыма қарап алайын деген ой. Анау жерде қара түсті өзге ұлт өкілі шылымдатып тұр екен, қасына барып мен де тұтатуға бет алдым. Оң жақ бұрышта полицияның бізге қарап тұрғанын көрдім. Сескеніп барып, жанымдағы жігітке ештеме демеген соң, тұтаттым. Арада бір минут өтті. Қара нәсіл өз жайына кетіп еді, қасыма жаңағы қарап тұрған қазақ полиция жетіп келді. Сөйтті де, төбемде тұрған «шегуге болмайды» деген белгілі көрсетті. Жоқ, неге ескертпеді. Мен ол жазуды көрген жоқпын, бірақ маған ескерту жасар ма деп әдейі тұтатпай тұрдым. Соны көріп тұрып, анаған емес маған қадалғанына жөн болсын. 3 000 теңгесін кеңірдегіне тығып бердім. Себебі сол ақшаны банкке төлейін десем, құжат толтырмай отырып алды. Ал маған жол жүру керек. 
Сондай бейшаралықты қай бабаң үйретті деймін...? 

Қазаққа: 
өзге ұлтқа қазақ тілінде сөйлеуге; 
өзге ұлтқа сес көрсетуге; 
еркін жүріп, еркін демалуына; 
өз құқығын қорғауға; 
ұлттық намысын көрсетуге; 
жерін қорғап атойлауға; 
елінің сөзін сөйлеп алдыға шығуға рұқсат жоқ! Себебі біз өз жерімізде тұрып, өзге ұлтқа сыйластық танытуымыз керек. Бірақ сыйластықтың жөні басқа, заңның тілі бәріне ортақ болуы керек. 

Иә, біздің ұлтты айтып, "қазақ" деп жар салып отыра бергіміз келмейді. Біздің де элитаға еріп, интеллектуалды тұлға болып қалыптасқымыз келеді. Біздің жабайы дүниеден қашып, тіл үйреніп, ел көріп, жақсы азамат болып, ел үшін еңбек еткіміз келеді. Бірақ қаныңда "қазақ" деген қан ағып жатса, ол бір жерден тесіліп, сыртқа шапшып жатса, көз жұмып қарап отыра берсек, бір күні әлсіреп өлеміз ғой. 

Шетімізден анимея қылып өлтіріп, давлениемізді көтеріп нерв қыла бергенше, кеуде керіп жүруге мүмкіндік беріңдер. Ұлтың аман, қазағың тыныш болса, сен де алаңсыз еңбек етесең. Әйтпесе, өзге елге барып, күректеп ақша тауып, атаққа бөленіп келген кезде, сенімен мақтанатын жұртың болмаса, бәрі бекершілік. Бір теңге тапсаң да, соны көрсетіп мақтанатын ұлтың болса одан асқан бақыт бар ма?! 

Менің атым ҚОЖА! (түсінген боларсыздар)