Ninety One| 91

Ninety One| 91
жеке
блог

Қазақ халқын дүр сілкіндіріп, шоу-бизнеске жаңа Q-pop бағытымен қадам басқан Ninety One тобы қазіргі таңда алар асуларын бағындыруда. Орда тобының мүшесі,аталмыш топтың продюсері Ерболат Беделханның  бұл жобасына мін тағып, көпке дейін сынға ілігіп  жүрген жігіттер осы жылы да өз өнерлерімен біраз марапатқа ие болды. Кешегі MUZZONE  телеарнасының жыл сайынғы "EMA-2017"  ауқымды кешінің  "Лучший мужской коллектив" жəнеде "Лучшая песня года"  атты бір емес екі бірдей номинациясын қанжығаларына байлады.  Өз кезектерінде жігіттер жақында жеке концерттерін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.MUZZONE EMA-2017 (17.09.2017)
Жəнеде жақында ғана жарық көрген "91" фильмі туралыда су жаңа жаналықтар айтылды. Фильмнің екінші продюсері  Əсел Садвакасова  кешегі кештің салтанатты қызыл кілемінде :

  - Ninety One тобының фильмі өте сəтті шықты. Алдағы уақытта 2 бөлімін түсірсек па деген ойдамыз!- деді.Əсел Садвакасова

Фильм  24 тамыз күні, Оңтүстік Астанамыз Алматы қаласында  жарыққа шықты. Фильмнің артынша, ізін суытпай көп сериялы сериал түсіруді бастап кетті.Көршілес еліміз Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында басталған , кейін Алматы қаласында жалғасқан "Қағаз кеме" атты сериалдың қазіргі таңда  түсірілімі аяқталып, монтаждалып жатыр. Сериал қазан айында НТК арнасынан эфирге шығады деп күтілуде. Ендеше, нəтижесін көруге  асығыңыздар! Ал, біз  Ninety one' дық жігіттерді , топ продюсері Ерболат Беделханды жəне де топ директоры Асыл Беделханды кешегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!