Бермейді тыным...

Бермейді тыным...
жеке
блог

Сұрағандарға бәрі оңай бәрі керемет деп жауап беремін. Тіпті қалайсың деген сұрақтың жауабы сол осы болуы керек секілді. Мүмкін бұл көбімізге үйреншікті нәрсе. Себебі біз өзгелер бізді түсіне алмайды менің мәселелерім өзімді ғана алаңдатады деп ойлаймыз. Ешкіммен бөліскің келмейді. Олар не істей алады бәрібір де...Міне бәрі осы оймен басталып,тілім бар білгенін қайта жұтып, байланып қалады. Осылай жұрттың көңілін бұзбайын, алаңдатпай-ақ қояйын деп жүргеніде жүрегімді әбден әлсіретіппін.

Жүрек түбіндегі қара көмірдей мұңды өзіміз көтеріп жүре береміз. Күйеге боялатын жүрек қана, сыртыңнан қараса, сап-сау адамсың. Біреудің жұдырығы денеме тисе жазылады ау, ал адамдардың әр ойланбай бәлки әдейі айтылған қатыгез сөздері жүректі тілім-тілім етеді.