Жаңа өмір... Жаңа қадам...

Жаңа өмір... Жаңа қадам...
жеке
блог

Міне, мектеп қабырғасындағы 11 жылым да зулай өте шықты... Тіпті... Кеше ғана алтын ұяма алғашқы  қадамымды басып едім... Ал бүгін сол ұямнан ұшқан құстаймын... Балалық шағымнан мəңгілікке қол үзіп барам...

Қазір университетке, қалаға, беймəлім бөгде әлемге бара жатқандаймын... Енді мені белгісіз жаңа өмір күтіп тұр... Алдағы өмірім қалай болар екен? Қандай асулары, қандай белестер, қандай қиындық тұр екен?!  Қай жерде аяғымды шалыс басады екенмін? Санамда  сан мың сұрақ.. Ауылдың тыныс-тіршілігіне етім әбден үйренген мен, енді қалаға үйрене алар ма екем?

Балалық шағымның, үйімнен қол үзіп, арман қуып кетіп барам...

Арманыма жақындап, алға қадам басып жатқаным ғана жаныма медет шығар...

Ең бастысы ата-ана үмітін, сенімін ақтап,олардың басын тек төрге сүйреу...