«Өзгеріске беталыс» / "Reach for Change Kazakhstan" қоры байқау ұйымдастырады

«Өзгеріске беталыс» / "Reach for Change Kazakhstan" қоры байқау ұйымдастырады
жеке
блог

Қазақстанда балалардың күрделі мәселелерін шешіп жүрген әлеуметтік кәсіпкерлерге арнап грант алу бойынша конкурс өтеді

2017 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдердің өмірін жасқартуға бағытталған инновациялық әлеуметтік идеяларды ерте кезеңде ұсынатын әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған, Қазақстандағы «Өзгеріске беталыс» «Навстречу Переменам» Қоры (Reach for Change Kazakhstan) ұйымдастырған ашық конкурс басталады.

Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы балалардың, жасөспірімдер мен жастардың проблемаларын шешудің жаңартпашыл тәсілдерін жүзеге асыруға ұсынатын коммерциялық емес ұйымдарға және жеке азаматтарға қолдау көрсету.

Жалпы конкурстың қорытындысы бойынша 1 жеңімпаз таңдалады да, ол Tele2 Қазақстан компаниясынан 4 000 000 теңге мөлшерінде грант алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға елдің барлық аймақтарынан 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері шақырылады. 

Британдық Кеңеспен және «Шеврон» компаниясымен әріптестік шеңберінде «Жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі» атты арнайы номинация жарияланды, оған Астана мен Алматы қалаларында тұратын 18 - 29 жастағы ҚР азаматтары мен резиденттері қатыса алады. Бұл номинациядағы 2 жеңімпаз әрқайсысы 700 000 теңге мөлшерінде шағын грант алады.

Әр өтінім негізгі үш бағыт бойынша бағаланады:

·         Аймақтағы балалардың анықталған проблемасының өзектілігі;

·         Өтінім беруші бұл мәселені шешудің ұсынатын жолы;

·         Өтінім берушінің көшбасшылық қасиеттері

Конкурс жеңімпаздарыҚордың қаржылық қолдауын алып қана қоймай, сондай-ақ оның ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық қолдауына ие болады.

Өтінімдер Қордың http://kazakhstan.reachforchange.org/ru/ ресми сайтында 2017 жылғы 11 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін қабылданды. Конкурстың жеңімпаздары 2017 жылдың желтоқсанында жарияланады. 

Толығырақ ақпарат алу үшін konkurskz@reachforchange.org мекенжайына хабарласуларыңызды өтінеміз.