Алматы жаңа кинотеатрдың тұсауы кесілді

Алматы жаңа кинотеатрдың тұсауы кесілді
жеке
блог

«Kinopark Theatres»компаниясы таяу жылдары бой көтерген «MOSKVA Metropolitan» сауда үйінде «Kinopark 8 Moskva» кинотеатрының тұсауы кесілді.

Жаңа кинотеатр 806 орынды 8 залдан құралған. 20 орындығы бар «First Class» залы мен кішкентай көрермендерге арналған балалар залы да бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап арнайы жол мен алдыңғы қатардан орын салынған.

Жаңа кинотеатрдың 8 залында да NEC лазерлі проектрлар орнатылған. Соңғы сандық техникалық мүмкіндіктер ТМД, АҚШ, Еуропа елдеріндегі кинотеатрларында орнатылып, көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Біздің елде тек «Kinopark» кинотеатрлар желісінде бар.