Камария көлеңкесі

Бүгін ол жұмысынан кеш оралды. Оны ашумен бұрқылдап қарсы алған Макс ақшаны көргенде, көзі жайнап, басқаны ұмытқандай. Қорғауындағы қыздың бетіндегі жараға да, киімінің жыртылғанына да назар аудармақ емес. Ал оның жүрегі сыздап тұрған еді. Бөлмеден ақырын ғана сытқып шығып, екінші қабатқа көтеріліп кетті. № 6 нөмер... Дереу жуынатын бөлмеге еніп, судың астына тұрды. Ол әркез осылай істейтін. Денесіне тиген әр тамшыдан тәні тазаратындай көрінетін оған... Тағы да бір түн... Бірақ, бұл түн басқа жұмыс түндерінен бөлек. Себебі, бүгін ол өзінің бұл өмірде ешкім еместігін, өз құнының ит екеш иттен төмен екендігін ұғынды. Аяғын ақырын басып, ол бөлмеден шықты. Керует... Стөл... Істемейтін теледидар... Кішкентай терезе... Оның мекенінің сыйқы осындай-ақ еді. Ол әдеттегінше керуетке жата кетпеді. Бұрышқа отырып, бір нүктеге телміре қарай берді, қарай берді. Бет жүзі сұрғылтанып кеткен. Еріндері көкшіл тартып, әсем көздері жан-жақтағы өмірді ұмытқандай. Ол жыламады. Көзінен бір тамшы да шықпады. Бірақ, жүрегінің қалай қан жылап тұрғанын ешкім елестете алмайтында еді. Барлығы екі жыл бұрын басталды. Буыны қатпаған жастық шағы еді...

 

Феруза отбасының тұңғышы еді. Әке – шешесі таң атқаннан кеш батқанға дейін егінде бел жазбай, жұмыс атқаратын. Сондағы тапқан бес-алты тиыны алты баланың аузынан қалмайтын да. Феруза тоғыз жылдықты бітіргеннен кейін еңбекке араласып кетті. Себебі, оқу оның миына жат еді. Әлде ол өзі оқығысы келмеді ме екен. Қазір есінде де жоқ. Күндердің бір күнінде өзінің оқыған мектебіндегі бір апай оны өзіне жұмысқа алды. Бала бағушы етіп... Феруза қуана келісті. Өйткені, ол кішкентайынан бауырларын бағып-қағып, үйреніп қалған да еді. Сөйтіп, ол да еңбек етіп, үйіне азын-аулақ ақша тауып жүрді. Сыртына шығармаса да, іштей осы жүрісіне налитын. Ол бай болып, атының әлемге танылғанын қалады. Қалай өсетінін ойламады, бар арманы – қалада тұрып, пора-пора ақша табу еді. Күнделік жазуды сол кезден бастады.

 

«Тағы да бір күн өтті. Ух... Қалай шаршап кеттім?! Бауырынды бағу бір бөлек те, бөтен біреудің баласын бағу бір бөлек екен ғой. Ол мені шаршатып жіберді. О, Аллам, мен қалаға қашан кетем?! Мен бұл жерден қалай қажығанымды білсең ғой. Болды. Бітті. Ақша жинап, қалаға кетемін.

Кешегі жаман екеш Фариданың өзі түріне қарамай қаланың жігітіне тұрмысқа шықты ғой. Бай болған соң ғана алды ол ақымақты... Оған қарағанда, менің түрім де бар. Тәнім де ойылып тұрған жоқ па?! Бұндай сұлулық ауылда неге қор болуы керек?!

Ата-анам мені түсінбейді. Ақша бермеймін десем, ұрыса жөнеледі. Ана деген өз баласына жаңашыр болуы керек емес пе?! Мен олардан шаршадым. Анау бесеуіде мені қажытты. Құдайдың құтты күні ауыздарын ашып, нан сұрап отырғандары. О, Аллам, менің тілектерімді қабыл етші!...»

 

Сенбі күні Ферузада демалыс күні еді. Ата-анасы кішкентайларға анау-мынау аламыз деп, базарға аттанды. Оның іші пысқан соң, көршісінің үйіне бармақ болды. Бірақ, көршілері бұрынғы әдетінше таң атпай ұрысып жатыр екен. «Осыларға не жетпейді екен? Ит пен мысықтай арпалысып жатқаны...» Үйін тазартып шығып, ұстаз апайының үйіне тартты. Оларға қонақ келген сияқты. Аулада қымбат көлік тұр. Кішкентайынан ауыл директорының ескі жигулиінен басқа мәшине көріп көрмеген ол үшін бұл көліктен асқан зат жоқтай көрінді. Ішінен «мынандай көлікті мінетін адам өте бай шығар» деп ойлады да. Үстіндегі ескі киімінен ұялып, үйіне бұрылып кетті. Артынан бір кезде апайының әсем дауысы естілді. Ферузаны шақырып тұр екен.

 

-  Ботам-ау, қайдан келіп қалдың? Кел, кір үйге. Қаладан туыс інім келген еді. Соған қонақасы беріп жатқан түріміз ғой. Маған көмектесіп жіберсең, жақсы болар еді.

-  Әрине, апай.

 

Ішке енгенде төр жақтағы бөлмеден әсем дауысты естіді. Ашық, қоңыр дауыс еді. Қаладан келген қонақтың дауысы екенін ол бірден сезді. Қызығушылығы оянып, төрге барғысы келсе де, апайы оны ас бөлмеге жетелеп алып кетті.

 

-  Анау ағаңды білесің ғой? Соның үлкен ағасы қалада тұрады. Сол кісінің ұлы ғой. Бір шауаларымен келген екен. Қаладағы адамдардың уақыты тығыз. Соған тез-тез ас әзірлеп жібермек едім. Анда-мында сандалып, үлгермей жатырмын, - деп жымиды апайы.

-  Алаң болманыз, апай. Мен сізге көмектесіп, бірақ кетемін.

-  Айтпақшы, ата-анаң ұрыспай ма? Бүгін сенің заңды демалысын ғой. Ақыңды жемеймін.

-  Апай, қойынызшы... Шәкіртінің мінезін бес саусақтай білетін апайы қоя қойды. Мана үлгермей жатқан соң, Ферузаға адам жібергісі келген еді. Бірақ, сосын ақша төлеу керек қой деп шақыртпаған еді. Жас қыздың үйге өзі келе жатқанын көргенде, ішінен қуанғаны-ай. Феруза бұрылып кеткенде, далаға шығып, шақырып алғаны да сондықтан еді. Енді , міне, ақша мәселесінен де құтылайын деді. Жас қыз апайының жылы сөздерінен кейін ұялып, ақша да сұрамайды. Айдан анық.

-  Қызым, мына заттарды төргі бөлмеге апара қойшы.

 

Феруза сасып қалды. Қымсыла-қымтырыла төргі бөлмеге енді. Үй иесінің қасында жас шамасы отызға тақап қалған, қара көзді, қара мұртты әсем жігіт отыр екен. Екеуі есіктен адам енгенде, әңгімелерін қоя қойды. Жас жігіт Ферузаға тесіле қарап қалды да, бір сәт өз қылығына ұялғандай, көзін тайдырып әкетті.

 

-  Қызым, келіп қалғансың ба? Кіре ғой. Фарух танысып қой. Мына сұлудың аты – Феруза. Біздің үйде жұмыс істейді. Менің бұрынғы шәкіртім. Ал, Феруза, мына жас жігіт менің інім. Есімі – Фарух... Сөзін аяқтамай, үй иесі сыртқа шығып кетті. Бөлмеде ыңғайсыз тыныштық орнағандай еді. Феруза өзінің не шығып кетерін, не бөлмеде қалуын білмей, дал болды. Қонақтың әсем дауысы оны бірден өзіне әкелді.

-   Амансыз ба, қарындас?! Қолындағы затыңыз ауыр емес пе? Дастарханға қойсаныз болады, - деп жымиды. Феруза өзінің сыртқа қалай атып шыққанын білмей де қалды. Екі беті дуылдай қызарып, ішіндегі қобалжуды сыртқа шығарып қойғанына да іштей налыды. Енді ол бөлмеге енбеуге өзіне сөз салды.

 

Үйге Феруза кеш оралды. Ата-анасы базардан келіп, бала-шаға мәз-мейрам болып жатыр екен. Тәтті қауын, жеміс-жидек, тек мереке күндері жейтін қара шоколад... Көп нәрсе бар еді. Бірақ, Ферузаның ештеңемен шаруасы болмады. Ол өз бөлмесінен шыққысы келмеді. Дереу күнделігін алып, жаза бастады.

 

«Аллам, маған не болды? Ішім өртеніп жатыр. Жынданып кететіндей күйдемін. Оның көздері... Ондай көздер біздің ауылда ешкімде де жоқ. Ол сондай ерекше. Әрине, қаланың адамы ғой. Қара мұрты өзіне ғана арналғандай. Күлгені қалай?!. Көздерімен тесіле қарағанда, кірерге жер таппай қалған сияқтымын. Ол ешкім байқамай қалды деп ойлады. Бірақ, мен байқадым. Байқадым...

Мен оған ұнап қалдым ба екен?! Кішкентай кезімізде көрші қыздар махаббат деп айта беруші еді. осы ма махаббат?! Бірақ, мектептегі қыздар бұл сезімді әдем сезім деуші еді ғой. Ғашық болған адам әрқашан бақытты болып жүреді деуші еді ғой?! Ал менің жүрегім неге сыздап жатыр?! Неге көзімде жас?!

Аяқтарым әлсіреп бара жатқандай. Деміп қысылып қалды. Мен өлейін деп жатырмын ба? О, Аллам, маған не болды?!

Мен оны сүйемін бе?!... »

 

 

Феруза таңертен қуана оянды. Ішінен бір жақсылықтың болатынын сезгендей. Ас ішпестен ол жұмысына аттанды. Анасы қызының жүзіндегі белгісіз бір жұмбақ қуанышты сезді. Бірақ, үндемеді. Тек ішінен «Жаратқан ием, қызымды бәле-жаладан қорғай гөр» деп қана үнсіз тілек тіледі. Осы сәтте Феруза апайының үйіне жақындапта қалған еді. үйде ешкім жоқ екен. ұстаздары мектепке кеткен. Кішкентай бөбек әлі ұйқыда. Ферузаның көңілі құлазып сала берді. Кешегі қонақтың кетіп қалғанына өкінгені рас. Ол асықпай шай қойып, ас дайындай бастаған еді. бір кезде ас бөлмеге астынғы жағында ғана сүлгі оралған жас жігіт еніп келгенде, шошып айғай салды. Жас жігітте қаперімде ештене түсінбей, қызға тесіле қарады. Біраздан кейін екі жас араларында болған ыңғайсыздыққа күліп, шай ішті.

 

-  Кешіріңіз, Феруза. Үйде жалғызбын деп шауып жүрсем... Бәрінен бұрын сіздің шошыған түріңіз күлкілі еді, - деп Фарух қарқылдап күліп жіберді.

-  Сіз де мені кешіріңіз, - деп Феруза жымиды.

-  Феруза, сіздің жасыңызды сұрасам, айып етпейсіз бе?!

-  Жоқ, ол не дегеніңіз. Жасым – 17-де.

-  Бәсе, жүзіңізден жастық лебі ұрып тұр. Қарақаттай көздерініз жас құлындай ойнақшып тұр екен. сіз менің бұл айтқандарыма ыңғайсызданбаңыз. Мен өзім шындықты бетке айтып үйренген адам едім. Қаладан сіздей жасты әлі кездестірмеппін. Ауылдың қызы деген, міне осы ғой. Өзіңіздің осы таза кейпіңізді жоғалтпаңызшы... Сізге өтініш... – деп жас жігіт жылы жымиды. Феруза шынымен қобалжыған еді. Өмірінде бұндай сөздер түгілі жігіттен қарапайым сөздерді естіп көрмеген жас қыз үшін салқынқандылық сақтап отыру қиынның қиыны болды. Стөл басынан ақырын тұрып кетіп, ыдыстарды шая бастады. Фарух тағы сөйлемеді. Сыртқа шығып кеткенін есіктің жабылған даусынан білді Феруза. Қолындағы ыдысты тастай салып, ол қуана күлді.

 

«Неге тағы сөйлемедің?! Мен сондай күткен едім ғой. Сенің сөздерін әлі менің жадымда. Жатталып қалған ба өзі... Ұмытқым келсе де, ұмытар емеспін. ... Қарақаттай көздерініз жас құлындай ойнақшып тұр екен. сіз менің бұл айтқандарыма ыңғайсызданбаңыз. Мен өзім шындықты бетке айтып үйренген адам едім. Қаладан сіздей жасты әлі кездестірмеппін. Ауылдың қызы деген, міне осы ғой. Өзіңіздің осы таза кейпіңізді жоғалтпаңызшы...

Анам мені кейде еркелетіп, «жүрегімнің төресі» дейтін. Мен әлі кезге дейін сол сөздердің мағынасын түсінбеппін ғой. Сені кездестіргенше... Сен менің жүрегімнің төресісің...

Бірақ... Мен сенің жүрегіңнің төресі бола алады ма екенмін?! Айтшы маған... Көзінмен айтшы. Мен түсінемін. Уәде етемін. Тек үндемей жүрмеші. Себебі, сенің әр сөзің менің өмірімдегі шамшырақтай. Әр күлкің тағдырыма нұр шашатындай...

Сен мені осы тозақтан құтқаратын үмітімсің... Тек сен...»

 

Феруза таңды қалай атырғанын өзі де білмеді. Бірде солға, бірде оңға дөңбекшіп, қасындағы сіңілісінің де мазасын алды-ау. Әйтеуір, сыздықтатып, таңда атты. Шайын жай ішіп, ол жұмысқа аттанды. Тек қонаққа киіп баратын киімін киді үстіне, аяғына әдемі сандалысын тақты. Шашын бір жаққа бұрып, өріп қойды. Айнадан Ферузаға әсем бойжеткен қарап тұрғандай көрінді. Өз бейнесіне разы болып, бет-жүзі бал-бұл жанды. Үйдегілер оған назар аудармады да. Тек қана ана жүрегі қызының бойындағы өзгерістерге қобалжи қарады.

 

Бұл сәтте Феруза жұмысына жақындап қалғанда еді. Түні бойы Фарухпен қалай кездесетінін, не жайлы сөйлесетінін қиялдап, елестетумен болды. Енді, міне кішкене баладай қобалжып келеді. Аяқтары шалысып, жүргілері келмейтіндей. Астыға қарап, оларға ұрсып та қояды. Әйтеуір, арман болған үйге жетті-ау...

 

Бірақ, үйде ешкім де болмады. Ол барлық бөлмені тексеріп көрді. Фарух зым-зия жоқ. Феруза отырып, жылап жіберді. Өзінің неге жылағанын да түсінбеді. Тек қана ішінен біреу маңызды бір нәрсені алып қойғандай күй кешкен еді. Үйде қалғысы келмеді. Жатын бөлмедегі баланы көтеріп алып, есік алдында отырды. Кешке апайы да келгенде, бірақ үйге енді.

 

-  Феруза, түрің сынық қой. Не болды? Ауырып қалғаннан саумысың?

-  Жоқ, апай. Тек аздап асқазаным ауырып тұр. Мен қайта берейін...

-  Әрине, бара ғой. Егер ауырсаң, ертең келмей-ақ қой. Жарай ма?

-  Жарайды, апай. Сау болыңыз... Ол үйден әрең шықты. Сұрағысы келіп, бірақ апайынан қымсынды. Қайта-қайта апайы сөз арасында айтып қалар деп, апайының аузына қараумен болды. бірақ, әркез мылжыңдайтын апайы аузына құм алып алғандай Фарух жайлы біз сөз қозғамағанын қарашы. «Қайда кеттің?!» Ферузаның ойында тек осы бір сауал ғана жатқан еді.

 

«Фарух... Тәтті түстей жоқ болып кеткенін қалай?!... Адамның жүрегін жаралау сен үшін соншалықты оңай болғаны ма?! Әдемі сөздерінді неге арнадың маған?! Фарида «махаббат деген бос сөз. Қазір шынайы сезім жоқ. Тек қана ақша мен құмарлық бар...» дегені рас па???

Мен сені тауып алуым керек. Саған қоятын сауалдарым тым көп. Сен менің арманым ғана болып қала алмайсың. Мен мұндайға жол бере алмаймын!»

 

Ертеңіне анасы қызының бөлмесінен бір жапырақ қағазды ғана тауып алды. «Апатай! Сіз маған әрқашан арманмен өмір сүр деуші едіңіз ғой. Бірақ, ана, адам әркез бос қиялмен жүре бермеуі керек. Себебі, бұл осалдықтың белгісі. Мен өз арманымды аяқ асты қылғым келмейді. Маған ренжімеңдер! Алаңдамаңдар! Қыздарың Феруза»... Әкесі үндемей тыңдады да, сыртқа шығып кетті. Тек анасы керуеттің басында еңкілдеп жылап қалды. «Қызым... Ақымағым... Қайтып оралшы...»

 

Таң ата жүретін автобусқа Феруза алдын ала билет алып қойған-ды. Үйден шыққанда жүрексінген ол біраз басылайын деді. Не дегенмен, арманы орындалмақ емес пе?! Оның жүрегінде түсініксіз екі сезім ұялағанды. Қорқыныш пен Қуаныш... Ол қай жағы көбірек екенін білмеді. Бірақ, өзінің шешіміне іштей разы болды. Автобус жарты күн жүреді екен. Феруза бар уақытын терезеге телмірумен өткізді. Бар ойы Фарух еді. Қайдан іздемек? Ол бұны қалай қабылдар екен? Егер танымаса ше? Не істемек? Қанша сауал?! Бірақ, ол біреуіне де жауап таба алмады. Тапқысы да келмеді. Қолына күнделігін алып, жаза жөнелді.

 

«Міне, қолды бір сілтеп, қалаға тартып отырдым. Бұл ісімнен не шығады екен?! Бірақ, мен өкінбеймін. Себебі, өз арманым үшін бара жатырмын. Мен өз күшіме сенемін. Неге екенін өзімде түсінбеймін?! Бірақ, алда мені жақсылық күтіп отырғандай. Алғашқы сезім алдаушы деуші ма осы?.. Бірақ, мені бұл сезім алдамайды. Мен, Феруза, бұл қаланы әлі-ақ бағындырамын. Үлкен қаладағы бір тамшы болсам да...

Фарух... Мен сені іздеп табамын. Мен енді түсіндім. Мен саған қажетпін. Ауадай... Судай... Менсіз сен енді жүре алмайсың. Мен осыған сенімдімін.

Қызық... Фарида қаланы аузының суы құрып, мақтаушы еді. Енді, міне, менде қалаға бара жатырмын. Ішің күйсің...

Анашым... Мен ауылға танымал болып қайтамын. Әлі көресің... Мен сендер мақтан тұтатын Феруза атанамын. Мүмкін, сіз менің армандарымды бос қиял деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ, маған сенуіңізді қоймаңыз. Себебі, мен сіздің жүрегіңіздің төресі емеспін бе, ана?!

Мен сіздерді сағындым...»

 

Автобус қалаға кешке жетті. Ферузаны қала суық ауа райымен, жаңбырымен қарсы алды. Бірақ, оған бәрібір еді. Жаңбыр оған жылы лептей көрінді. Қараңғылық әлі батпаған екен. Феруза қалаларда қонақ үй дегеннің болатынын естіген. Адамдардан сұрап жүріп, әйтеуір біреуін тапты-ау. Оған қонақ үйдің іші кең, таза, сондай әдемі көрінді. Өз басына түскен жауапкершілікке іштей разы болды. Бір бөлмені жалға алып, бірден ұйқыға кетті.

 

Феруза таң ата ерте тұрып алды да, терезеге телмірді. Кешегідей емес, тұманға оралған қала әсем еді. Ары-бері зымырап жатқан машиналар оның көзіне оттай басылды. Көздері еріксіз қаптаған көлік арасынан оның машинасын іздейді. Феруза артқа бұрылып кетті. Қарақат көздерінен жас тамшылап, әсем жүзін жуа жөнелді.

 

Бұл күнін Феруза қаланы аралаумен өткізді. Аспанмен таласып орналасқан үйлер көзінің жауын алды. Неше түрлі киімдер киінген адамдар ары-бері сандалып, жүріп жатыр. «Бұл адамдар қайда асыға береді екен?» Кеш бата ол біраз шаршайын деді. Енді қайда барарын ойлай бастады. Кешегі қонақ үйге қайта тартты. Қонақ үй иесі оны қуана қарсы алды.

 

-  Қош келдіңіз! Сізді көргеніме қуаныштымын. Кеше сізбен дұрыс таныса алмағаныма налыған едім. Бүгін келгенініз қалай жақсы болды?! Менің қалай қуанып тұрғанымды елестете алмайсыз... Қырықты еңсеріп қалған ер кісінің түлкі көздері бойжеткенге жеп қоярдай тесіле қадалған екен. ферузаның денесі дір етті. Келгеніне өкініп те қалды. Бірақ, қайтарға жол жоқ. Енді бұл жерде қалмаймын деп шешті ол. Бөлмесіне ене сала, есікті құлыптап алды.

 

«Қаланың адамдары арсыз келеді деуші еді. Сол рас екен ғой. Мына сумұрынның көздерін ойып алу керек. Ертең мен Фарухты тауып алуға қажетпін. Бірақ, ең алдымен, жұмыс табу – менің басты мақсатым болмақ.

Аллам, мен ақымақтық жасамадым деші. Өтінемін... Мен қателеспедім деші... Сен жолдан адасқан пенделеріне жол көрсетесің емес пе?! Сәби туғанда тағдыры маңдайына жазылады деуші еді ғой анам... Аллам, бұл менің тағдырым емес пе?! Өтінемін, мені қорға!»

 

Феруза таң ата қонақ үйден шығып кетті. Артына бұрылып қарамады да. Ол өзінің бұл жерге қайтып оралмайтынын білді. Саябақтағы асханаға жол тартты. Алғашқы күні көзіне түскен жер еді. Енді , міне, сол жерде ас ішіп отыр. «Қандай ғажап!» деп ойлады. Жан-жағына тамсанғаны соншалық, қасына отыра кеткен жігітті бірден байқамады.

 

-  Кешіріңіз. Сізді шошытайын деген ойда емес едім. Тек сізден бір ғана нәрсені сұрағым келіп кеткеннен соң ғана отырдым. Өтінемін. Айып етпеңіз. Егер ашулаңсаңыз, мен тұрып кете аламын... Феруза үндемей, жігітке тесіле қарады. Жас жігіттің жүзіндегі балаша күлкіге еріксіз жымиды.

-  Міне, әйтеуір күлдіңіз ғой. Сіз осы сәнбике емессіз бе? Жоқ па? Қалайша? О, Құдайым, бұндай сұлулықтың қор болғаны қалай?! Айтпақшы, менің есімім – Максұт. Бірақ, сіз үшін жай ғана Макс. Сіздің есіміңізді білуге бола ма?

-  Феруза...

-  Феруза! Тамаша есім. Феруза, сіз біреуді күтіп отырсыз ба? Жоқ па? Менің жолым болған екен. Бүгін кешке қолыңыз бос па?

 

Жігіттің жас баладай аңқылдап сөйлейтіні Ферузаға әкесін еске түсірді. Мүмкін, сол себепті ол Макске бірден сенген шығар...

 

...Бұл ойдан Ферузаның денесі дір етті. Ол орнынан көтеріліп, қолына дәрі-дәрмек қобдишасын алды да, бетіне жаға бастады. Ертең беті ісік болса, бұл жұмысқа шыға алмайды. Макстен тағы таяқ жейді. Одан бұрын ауылдағы ауру анасына ақша жібере алмайтыны ойын сан-саққа жүгіртті. Айнадағы бейнесінен ол жат адамды көріп тұрғандай...

 

Қарақат көздер бұрынғыдай жайнап тұрмайды. Албырт тартқан жүзі көгеріп, сұрланған. Бір сәт ол өзінің түнде көрген қорлығын есіне алды. «Ағатай... Қойыңызшы... Өтінемін... Ұрмаңыз... Ұрмаңыз деймін...» Бұның айғайына ешкім де келмеді. Хайуанның қолдарынан ешкім де құтқарып қалмады. Бұл бүктетіліп өлермен халде жатқанда, ол міз бақпастан шарап ішіп отырды. Оның ләззаттанған жүзі әлі көз алдында... Миығынан күлгені... қолындағы сымы... Барлығы...

 

Мама... Феруза жан ұшыра айғай салды. Айнаны қашан ұрғаны белгісіз. Айна быт-шыт. Қолынан қан сорғалап тұр екен. Ол үнсіз сынықтарды жинай бастады. Керуетіне бүктетіле жата кетті. «Сол күнді қарғыс атсын...» Көздері қайта жұмылды. Өткеннің елестері көз алдына қайта оралды.

  

-  Феруза! Тамаша есім. Феруза, сіз біреуді күтіп отырсыз ба? Жоқ па? Менің жолым болған екен. Бүгін кешке қолыңыз бос па?

-  Жоқ. Мен бір кісіні табуым керек.

-  Ммм... Кім екенін білсем бола ма?

-  Болашақ жарымды... Феруза осылай жауап бергісі келіп кетті.

-  Пах-пах... Онда ол жігіттің жолы болыпты. Мен іштей қызғанып та отырмын. Феруза, алыңыз. Бұл менің визиткам. Қажет болсам, осы жерден мені тауып ала аласыз.

 

Феруза қағазды қалтасына сала салды. Асханадан шығып, ол Фарухты іздеуге көшті. Бірақ, дәу қаладан бір адамды табу мүмкін емес-ті. Ферузаға жұмыс та табылмады. Ана жерде біраз, мына жерде біраз істегеннен жалыға бастады. Күнсайын үміті солып, мәселелелері көбейді. Жалға алған үйі де қаланың шетіндегі құлағысы келіп тұрған ескі жатақхана еді. Әйтеуір, жан-жағы тыныш болғандығы ғана қуантты. Күнде кешке бөлмесіне кіріп, аяқтары керуетке дейін ғана жететін. Сосын қалың ұйқыға кетеді. Жұмыспен жұріп, Фарух жағдайын да ұмыта бастады. Бар қолдаушысы жалғыз күнделігі болды да қалды.

 

«Шаршадым осының бәрінен... Қайтсем екен?! Армандарым күл болды ма?! Қаланың күйбеңімен арпалысамын деп жанымды ұмытқандаймын. Мен бейне бір жансыз дүние сияқтымын. Таңертеннен кешке дейін бар ойлайтыным қалай ақша тапсам екен, қалай тамақтансам екен... Бұл не сонда?! Менің арманым осы ма еді?!

Фарух... Мен сені іздеймін. Неге сен мені іздемейсің?! Қарақаттай көздерініз жас құлындай ойнақшып тұр екен. сіз менің бұл айтқандарыма ыңғайсызданбаңыз. Мен өзім шындықты бетке айтып үйренген адам едім. Қаладан сіздей жасты әлі кездестірмеппін. Ауылдың қызы деген, міне осы ғой. Өзіңіздің осы таза кейпіңізді жоғалтпаңызшы...

Сөздеріңнің құны бір тиын. Білемісің?! Иа, мен қазір барлығын тек ақшамен өлшейтін болғанмын. Маған ақша керек. Қалай тапсам екен?! Қалай?!»

 

Асхананың еденін жуып жүрген кезі еді. Даяшы келіп, зекіп кетті. Неге екенін белгісіз, Феруза шыдамының шегіне жеткенін түсінді. Қолын бір сілтеп, жұмыстан тайып отырды. Бөлмесінде жатқан сәтте керует астынан бір қағазды көзі шалды. Бұрын асханада танысқан жігіттің визиткасы... Не болса, сол болсын деп ол телефонға жармасты. Бірнеше гудоктан кейін құлағына таныс дауыс естілді.

 

-  Алло...

-  Сәлем. Мен Ферузамын. Асханада...

-  Есімде, есімде... Қарақат көзді сұлуды ұмыту қиын. Естігеніме қуаныштымын. Қалайсын?

-  Жақсы... Өзің?

-  Тамаша... Кездесуге қалай қарайсың?

-  Келісемін.

 

«Мен оған неге хабарластым?! Өзімде білмеймін. Тек мен бұл қаладан шаршағанымды ғана білемін. Жалғыздықтан... Мүмкін, Аллам маған оны әдейі жіберген шығар...

Анашым... Мен сендерді сағындым...»

 

Макс саябақта кездесуді қалады. Феруза үстіне көйлек кигісі келді. Не дегенмен, жас бойжеткен емес пе?! Макс та соңғы үлгімен әдемі киініп алған екен. қолында бір бума раушан гүлі бар. Феруза іштей разы болды. оған өмірінде ешкім гүл сыйлап көрмепті.

 

-  Сұлу қыз, қалайсын? Құлпырып кетіпсің ғой, тәйірі. Қалай? Таптың ба болашақ «принціңді»? – деп Макс қарқыдап күліп жіберді. Оның күлкісінен Феруза қабақ шытты. Қу жігіт қыз жанарының бұзылғанын қырағы көздерімен көріп, тез жуып-шаюға көшті.

-  Қалжың ғой... Неге ашулаңасың?! Феруза, біз дос емеспіз бе? Жүр, асханаға отырайық.

 

Кеш бойы екіеуі әдемі әңгіме-дүкен құрды. Кеш соңында Максты өзімсінген Ферузаға оған жұмысының қиындығын жайып салды. Бірақ, ол сол сәттегі жас жігіттің көз жанарынан қалай қуаңқыланғанын байқаса ғой. Әттең...

 

Макс көмектесуге уәде етті. Тек бір-екі күн күте тұруын қажет деді. Феруза онымен кездескеніне еш өкінбеген еді. Үйіне қуана оралды.

 

«Енді мен де барлығы жақсы болуға тиіс...»

 

Келесі күні Макс хабарласпады. Әйтеуір, үшінші күн дегенде, әйтеуір, кешке телефон шалды да, кездесуге шақырды. Макстың машинасы Ферузаның жүрегін шымырлатып жіберді. «Фарух...» Ол бұны жалт-жұлт еткен түңгі клубқа алып келген екен. Өмірінде алғашқы рет бұндайды көрген Ферузаның таңқалысында шек жоқ еді. Оған барлығы қызық көрінді. Ол әр жайтқа балаша қуанды. Ішінен Максқа риза болды. Клуб ішінде бұларды бір топ қыз-жігіттер қарсы алды. Барлығы мәре-сәре. Қабақтары ашық, көңілдері шат. Феруза іштей таң қалды. «Бұларда арман жоқ шығар?» деп те ойлады. Кеш бойы жігіттер жағы ақты, қыздар жағы қызылды ішті. Феруза қайта-қайта қарсылық білдірсе де, Макс амалын тауып, қыздың бокалын толтырып отырды. Кеш соңында ол біраз масайып қалған да еді. Клубтан қалай шыққанын, кіммен шыққанын, ол білмеді. Тек қана таңертен біреудің қасында жалаңаш жатқанын ғана байқады. Мүлдем жат адам. Ол үйден қалай шыққанын түсінбеді. Есін жиғанда өз бөлмесінде, өз керуетінде жатқанын көрді. Бұл бір сұмдық еді. Көздерінен қанша жас төгілсе де, Ферузаның жүрегі жаралы, көңілі тұман болды. ол әркез денесін лас сезінді. Судың астына қанша тұрса да, жаны тазаланбады. Есікті тарсылдатқанда ғана есін жиды. Табалдырықта Макс тұр екен. Қолында бір бума ақша. Жүзінде жиренішті күлкі.

 

-  Қалайсын, сұлуым? Сен мықты екенсің. Клиент саған риза болды.

-  Макс, сен не деп тұрсың? Кеше не болды?

-  Айтайын ба? Естігін келе ме? Жарайды. Айтайын. Кеше сен өзінің алғашқы жұмыс күнінді бастадың. Құттықтаймын. Клиент сені тағы қалады. Бұл үлкен жетістік. Мен саған разымын. Сенен қателеспеппін.

-  Макс... Сен... не... деп... тұрсың... Мен... жезөкше... емеспін...

-  Әрине, жаным. Сен түнгі көбелексің! Сенің клиенттерің даладағы ешкімдер емес. Мықты азаматтар! Маған тап болғанына қуан, ақымақ!

 

Арғысы Ферузаның есінде шамалы ғана қалды. Бар білетіні, Максты ұрғылай бастағаны. Оның бұны бір салғаны... Ары қарай ештеңе есінде жоқ. Түні бойы Феруза жылаумен өткізді. Керуетінің қасындағы пора-пора ақшаға қараған сайын жүрегі жұлмаланып жатқандай сезінетін. Ол бөлмесінен бір апта шықпады.

 

Келесі күні ол орнынан тұрып, қолына пышақ алып, жуынатын бөлмеге енді. Үндемей, пышақты қолына жақындата бергені сол-ақ еді, есік қағылды. Ауылдағы әкесінен хат келген екен. «Қызым! Қалайсын? Саған анаң айтпай-ақ қой деген еді. Бірақ, мен үндемей қала алмаймын. Анаң ауырып қалды. Дәрігерлер тез арада операция жасау керек дейді. Мен не істерімді білмей дал болдым. Қызым, көмек ете алсаң, кел. Сен бізге қажетсің! Әкең.» Қолындағы пышақ сырғып түсіп кетті. Киімің ала сала, ол сыртқа беттеді. Макс оны қуана қарсы алды.

 

-  Міне, дұрыс-ақ. Сенің ақымақ еместігінді білген едім. Жұмыс жоспарынды айтайын. Басқа қыздармен араласпайсың. Алған ақшаңның жартысы менікі болады. Мен сендердің қорғаушы аналарыңмын. Міне, болды...

-  Қашан бастайын?

-  Біраз үйрен. Бір аптадан кейін бастасаң болады.

-  Маған бөлме керек.

-  Әрине. Қыздар қазір сені бөлмеңе апарады.

 

Ферузаның түнгі жұмысы осылай басталды. Таңертентен кешке дейін демалады, қыдырады, ұйықтайды. Түнде әр қыз шамамаен екі-үш клиентпен жұмыс атқарады. Барлығы Макс айтқандай еді. Жарты ақшаны оған, қалғаны өзінде. Ұнатқан клиенттер қосалқы ақшада төлейді. Ол тек өздерінде ғана қалады. Ферузаның өмірі күрт өзгерді. Ол анасының жаны үшін өзінің жанын кәпірге сатып жібердім деп қана есептеді. Оған осылай ойлау оңай еді. оның өміріндегі өзгермеген жалғыз нәрсе болды. Күнделігі еді.

 

«Бұл да бір жұмыс деп білемін. Мен жұмыс атқарамын. Маған сол үшін төлейді. Жас кезімде анам аған әркез қыз баланың мақсаты бақытты күйеуге шығу, өзінің жарын бақытты ету деуші еді. Бірақ, маған талай үйленген азаматтар келеді. Олардың бар айтатындары «әйеліммен бақытсызбын»... Сонда, үйлену дегеніміз бақытты болу деген емес қой.

Менің тәнім бұл ласқа белшесінен батты. Енді оны құтқаруға болмайды... Мен мен емеспін. Менің жаным өткенімде... Фарухтың қасында... Анамның жүрегінде... Әкемнің алақанында... Бауырларымның күлкісінде... мен өз қылығыма ұялмаймын. Себебі, мен Феруза емеспін. Мен анасының өмірі үшін күресіп жатқан біреумін. Мен өзімді адам деп санағым келмейді. Мен түнгі көбелекпін... Жат адам үшін түнгі көбелек дегеніміз тәнін сатып, ақша табатын бейбақ қана. Бірақ, олар біздің жанымызға үңіліп көріп пе еді... Менің қасымдағы қыздардың арасында тек қара басын ойлап, бұндай жолға түскен жандар аз, мүлдем жоқ десе де болады.

Мен түнгі көбелекпін... Арманы үшін ашық күнге ұмтылып, қанаттарын күйдіріп алған жанмын. Мен тәнімді өз еркімнен сатпадым. Адамды Аллам топырақтан жаратты емес пе?! Сонда менің тәнім тек жердің бір бөлшегі ғана ғой. Менің жаным сатылған емес. Сатылмайды да... Мен жанымның тазалығын сонау алыста, ауылымда тастап кеткенмін. Оны менен ешкім тартып ала алмайды...

Анашым... Жазылып кетші... Кешір... Мен саған енді ешқашан бармаймын. Мен қасиетті ауылымның топырағын, туған үйімнің табалдырығын баспаймын. Ешқашан... Мен сіздер үшін жоқпын...

Сіздерді сағынғаным-ай... »

Феруза жұмысқа шықты. Макс оны әдеттегідей күле қарсы алды да, құлағына ақырын сыбыр етті. Феруза № 2 стөлдегі азаматқа қарай бұрылды. Бір кезде оның жүзіндегі ойыншық күлкі жоқ болды. Түсі бозарып кетті. Стөл басында әдемі киінген қара көзді, қара мұртты жігіт отыр екен. «Фарух...» Ол шатаспаған еді. Ферузе сыртқа қалай атып шыққанын білмеді. Тек Макстың қолы оны шап бере ұстағанда ғана, есін жиды.

 

-  Қайда барасың? Бар клиентке. Ол сені күтіп отыр.

-  Жоқ, Макс. Өтінбе. Мен бара алмаймын.

-  Неге?

-  Макс... Ол... Сол...

-  Ферузе, бос сөзді қой да, клиентке бар. Әлде кешке менен көресің...

 

Феруза стөл басына отыруына тура келді. Фарух та бұған үндемей қарап қалды. «Мүлдеп өзгермепсің... Менің жүрегімнің төрешісі...» Ол бірақ көп отырмады. Орнынан тұрды да, Макске жақындап, ақшасын берді де, кетіп қалды. Содан бастап ол Фарухты көрмеді. Тек бір де одан хат алды.

 

«Есіңізде ме, мен сізден таза кейпіңізді жоғалтпаңызшы деп өтінген едім ғой... Сіздің сол кездегі бейнеңіз әлі көз алдымда. Неге дейсіз ғой?! Себебі, мен сізге бір көргеннен құлай ғашық болған едім. Қарақаттай көздеріңізге... Сізден соғып тұрған жастыққа, тазалыққа, пәктікке... Мен сізге ғашық болған едім. Сол кезде сізге барлығын айтып кетуім керек еді. Бірақ, мен ұялдым. Сізді шошытып аламын ба деп қорықтым. Барлық жұмыстарымды тастап, қалаға асығыс кеткеніме де себеп сіз едіңіз. Ата-анама үйленемін деп айтуға кеткен едім. Неге бұлай шештің дейтін шығарсың?! Себебі, ата-анам мені басқа біреуге қосқылары келген. Мен сол себепті қаладан қашып кеттім. Қалаға асығыс қайтқанымда сондықтан. Бірақ, мен оралдым ғой. Сен болмадың... Тағдырдың ойыншығы болдық қой біз бейбақ... Мен сен қашан ауылға келеді екен деп қайта-қайта күттім. Күндерім сені күтумен өтті. Әлі өтуде...

Сол күні сені көргенде қандай сезімде болғанымды білмеймін. Міне, сен алдымдасың... Сені тапқаныма қуандым. Бірақ... Сен кешегі ауылдық қызы емессің... Мен сені жүрегімнің төресіне балағанмын.

Егер бәрін артқа қайтара алсақ қой... Қайтарып көрейік. Ауылға бірге қайтайық. Мен бұл жайтты ұмытуға тырысамын. Уәде беремін. Сен де мен кешіруге тырыс. Мен сені сүйемін... Сен ше?!...

Мен сені теміржол вокзалында күтемін. Келші...

Мен сенсіз өмір сүре алмаймын...

Сен тек мендіксің... Жаныңмен... мен сенің жаныңды жаулап алуға бар күшімді саламын. Уәде етемін. Фарух»

 

Жас сұлудың көздерінен моншақ жастар төмен қарай жарыса сырғылады. Феруза қолындағы хатты құшақтай еңкілдеді. Тағдырының ойынына налыды. «Неге біз?! Неге??? Не үшін?!»

 

Ол теміржолға бармады. Жұмысқа шықты. Тағдырдың құрған ойынын соңына дейін жеткізгісі келді. Себебі. Ол үшін бәрі кеш еді. Тым кеш...

 

Ферузаның күнделігі соңғы рет оның туған күні жетінші қараша күні толтырылды.

 

«Мен бақыттымын... Себебі, мен бостандық алдым. Рахмет саған...»

 

Жас сұлудың өлі денесін келесі күні үй жинаушы адам тауып алған еді. Макс үндемей қыздың денесін қала сыртына апарып, шұңқырға тастай салды. Тағдыр тәлкегі деген осы ма екен?!

 

Фарух ауылға жалғыз кетті. Ол ауылдағы Ферузаның ата-анасына қол ұшын беріп, бауырларының барлығын аяқтарын тұрғызды. Фарух әлі үйленбеген. «Неге?» деген сауалға ол әдеми жымиып, аспанға қарайды да: «Жүрегімнің төресі рұқсат етпейді. Менің жүрегім сол үшін ғана өмір сүреді. Егер мен басқаға қарасам, жүрегім тоқтап қалмай ма?!» деп жауап береді.

  



Бөлісу: