Эйфория

Эйфория
жеке
блог

«Расставание – маленькая смерть» деген жол бар Пугачеваның «Три счастливых дня» (И.Резник) деген әнінде. Түсініксіз себеппен ажырасу өте қорқынышты көрінетін маған. Өзім де  адамнан түсініксіз себеппен жылдам жалығатындардың бірімін. Сондықтан түсіністікпен қараймын. Бірақ кейде сабырға келу қиын.


Ал бүгін ажырасулардың қорқынышты болатынына мүлдем сенбеймін. Nothing's indestructible дейді Мадонна. Махаббат та, ажырасу да мәңгі болмауы мүмкін. Жуырда Мәриям ескі пәтеріме қайтып келгеніме біртүрлі қорқыныш-күмәнмен қарады. Соңғы кездері кері кету өзімді де ойландырып жүр. Бірақ бұрын бұл пәтердің маңы сұрықсыз еді, қазір терезеден көріктендірілген керемет ойын алаңын көруге болады.


Кейде керемет кездесулер мен қоштасулар өткен жерлермен жүре бергің келеді. Соны білгендей, мына пәтерде мені қимас адамымның өзі іздеп тапты. Қоштасудан қорықпау керек ау деймін.
«Ты мне предложишь быть снова вместе,
 Я промолчу исподлобья робко,
 Всё, возможно, могло быть иначе...»

Кешелі-бері таңнан түнге дейін, түннен таңға дейін ұйықтаппын.
Терезеден жаңбыр иіскегеннен артық қызық жоқ екен.
Әсіресе, «Сплиннің» «Новые люди» әнін тыңдап отырып...