Escapism

Escapism
жеке
блог

Эскапизм  (ағл.escape- қашу,құтылу) – адамның шынайы өмірден, ақиқаттан   қиял әлеміне кетуге ынтасы, ұмтылысы.  Шешілмей  жүрген,түйінді жеке мәселелерге бағытталған  кез-келген белсенді қызмет (өнер,спорт,сән,діни, актёрлық т.б.)  салалары  эскапизмге алып келеді. Сонымен  қатар  пассивті іс-әрекеттер де (теледидар қарау, кітап оқу,нашақорлық, медитация т.б.)  эскапизмге бастар жол бола алады. Эскапизмнің жалғасы физикалық түрде (шеткері, алыс аймақтарға кету) немесе адамның қоғамда жүріп –ақ  , өзіне мәлім ,қоғамда қабылданған құндылықтарға деген қызығушылығы жоғалуы  түрінде де кездеседі. Болашақта ұмтылыстың  жоғарғы шегіне жетіп, адам психикасына қауіп төндіруі мүмкін болса да , эскапизм ешқандай  дерт түріне жатпайды. Мысалы, психологиялық зерттеулер нәтижесінде  Бавария королі  ІІЛюдвигтің  эскапизмнің  жоғары  шегіне жеткендігі анықталған.  Вагнер операсының  сиқырлы әлеміне «қашқаны» үшін оны халқы   «ессіз», «ақымақ» санаған.Вагнер шығармашылығына бойлаған ІІ Людвигтің карикатуралары да жиі кездеседі.

Карикатура

Психологияда  аутизм -  тұлғаның шынайы өмірден қиял әлеміне  еніп, ақиқат пен  қиялды ажырату қабілетінен айырылуы.  Бұл  эскапизмнің жоғарғы шегі.  Эскапизмнің  стрессті өткеру кезінде пайдалы екендігі  де белгілі. Бұл құбылысты ағылшын классигі  Джон Р.Р.Толкин мен британ жазушысы  Клайв  Льюис те  өз туындыларына арқау еткен.

Бұқаралық мәдениет пен технологиялар дамыған  жаңа заманда  ақиқаттан , шынайы өмірден «қашудың»  көптеген  жолдары: компьютерлік  ойындар, интернет,виртуалды әлем, кино  т.б. бар.  Қазіргі сәтте психологтар мен социологтарды  ойдан шығарылған әлемге тез тартып алатын онлайн ойындар алаңдатуда.