Байқаудан тыс мақсатым(Байқауға)

Армысыздар, қадірлеуге лайықты массагеттіктерім! 
Осы уақытқа дейін жариялап үлгерген блогтарыма назар салар болсам, мақсаттарым түгел дерлік орындалыпты. 
Енді ше? Соңғы блогқа уақыт бар, мақсатым біткен...жоғаа, мақсаты жоқ демеңіз, екі айға арнап құрастырған мақсаттарымды меңзегенім ғой! 
Бүгін сіздерді жазғы демалысымның біраз бөлігін еншілесе де, үлкен арманға бастаса да тізімге енгізбеген күнделікті жаттығуларыммен немесе жалпы керемет спортпен таныстырсам деймін.

Сонымен, бастайыық! 


Өміріме айналған спорт түрі - дзюдо. Иә, иә әлемдегі еең әдемі спорт түрі саналады. Жастайымнан ерлерге көбірек келетін спорттарға құмар боп өскендіктен бе, үй ішінің қарсылығына көнбестен айналысып жүргеніме бір жылдан асты. 
Мұнда екі-ақ түс: ақ және көк.
Хаджемемен басталып, соуро матэмен аяқталатын бас аяғы 5 минутқа созылған татамидегі айқас.
Ақыл. Күш. Жүректілік. Шыдам.

Таңғы сегіз жарымда біраз бөлігін кимоно иеленіп тұрған сөмкемді асынып велосепедіммен жаттығу залына асығамын. 
Бұл уақытта есіктің кілттеулі болатынына үйреніп алғанмын, жалғыз отырып күту үшін ертерек келемін...қызық иә?!
Балалар мен ағай келген соң, жаттығуларды бастаймыз, ал жаттығудан соң тартуға жұмыс! Бұл сәтте барлығы екеуден бөлінеді де, бірден кірісіп кетеді.
Ағай белгі бергенше дайындалып, тоқтатқан соң бірнеше минут демаламыз. 
Біраз уақыт жаңа әдіске жаттықсақ, жарты сағат шамасында еркін жаттығу. Кез-келген әдісті қайталап, пысықтап аламыз.
Аптасына бір рет( жұма күні ) шынайы күресіп аламыз.
Жаттығуды аяқтағаннан кейін, үйге жөнелеміз.

Айта кетейін, мұнда бірнеше чемпиондар, бірнеше ұл балалар және қыз(мен). Алғашында кіл ұлдарға үйренісе алмағанмын, ал қазір екінші отбасым дерсің!
Ал ұстазым...оған деген алғысым мына ғаламшардан да үлкеен! Ағайымның алғашқы шәкірт қызымын, келген күннен қазіргі сәтке дейін әкедей мейіріміне қанық болдым, ұстаздай үйреткен әдістері есімде. 
Бапкер - шәкірттің қанаты.
Алғашқы сәттен қамқорлықпен дайындап, бар білгенін үйретеді, кез -келген сәтте демеп, қолдайды, тәрбиелейді. Сол арқылы талмастан самғайсың...
Кейде қыз бола тұра күреспен айналысатыным үшін айтылған жағымсыз пікірлерге құлақ түруге тура келеді...Сол себепті арманымнан бас тартпақпын ба? Әй қайдам!
Мақсат - орындау үшін!
Мен орындаймын!



Бөлісу: