Шешеннің сөзі - шамшырақ

Шешеннің сөзі - шамшырақ
жеке
блог

Аталы сөзді дәріптеп, шешендік өнер мен сөз мәдениетінің жалғасып келе жатқанына неше жылдың жүзі, неше ғасырдың көзі болды. Ақиық Майқы би, Римдік Цицерон, ежелгі Аристотель, орыс Ломоносовы, ұлы Абай секілді ғұламалар шешендікке айдар тақты. Арғы заманнан белең алып, бүгінгі заманға ілесіп келе жатқан шешендік өнер - тіл құдіреттілігімен сипатталады.

Тіл демекші заманымызда қызыл тілділерден гөрі, қызыл өңешті, қызыл сөзді иін тірестіріп айтатындар көп. Орақ ауыз, қызыл тілді, сөзі мірдің оғындай шешен, сөзді дөп басып айтатындар бірен-саран. Бар болғанның өзінде саусақпен санарлық айтыскер ақындарымыз, көпті көрген қариялар мен ақ жаулықты аналарымыз, ілеуде біреу шешендеріміз бар. Базары тарқады деуге келмес, шешендік сөз мәдениеті әлі де жалғасуда.

Дегенмен қазіргіде, қоғамда жастарымыздың басым бөлігінің тілі бұрмаланып шалаланып кетуде. Неге десеңіз жастар шет елдерге дейін бе, әлде балағат сөздерге дейін бе осыларға мойын бұрып, әйтеуір, қазіргі таңда тісі шыққан, шықпағандардың ауызынан ақ ит кіріп көк ит шығады. Жастар қатарында болғандығымнан бұндай балағат сөздердің, сөздері түйеден түскендердің талайын естіп те, көріп те жүрмін. Құлаққа түрпідей тиетін сөздерді кім? Қайдан? Қалай үйреніп жүр? Қызықтыратыны осы сұрақ. Пайымдауымша, тон пішіп айтарым, орыстардан, мұхит әрі ағылшындардан келген-ау. Орысшалап бірденкелесе, ағылшыншалап пәленшелеп айтады.Бұл сөз мәдениетінің, құндылығының төмендегені. Сонда, қоғамдағы тілдің қызметі қандай болғаны?

Бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні секілді сөйлеу әдебінен айырылсақ, сөз мәдениетінен, одан әрі ұлы қасиет шешендіктен қалғанымыз ғой. Созбақтай берсе, ең тамаша сөз де жалықтырып жіберетіні секілді әңгіменің қызығы қалмады. Бүгінгімізді сараптасақ: сөзге сақ болу, ақылды да әдепті сөйлеу - шешендіктен де асқақ. 

                          Шешеннің сөзі - шамшырақ,
                          Сәулелі, нұрын берер.
                          Сөзі мірдің оғындай-ақ
                          Қызыл тілді, өріс берер.