Киллер мен оққағар. Дос па, жау ма?!

Киллер мен оққағар. Дос па, жау ма?!
жеке
блог

Еліміздің барлық кинотеатрларында «Киллердің оққағары» / «Телохранитель киллера» фильмінің көрсетілімі басталды.

«Sulpak Cinema» компаниясы мен«Lumiera Cinema» кинотеатрының ұйымдастыруымен фильмнің алдын ала көрсетілімі өтті.

Фильмнің басты кейіпкерлерін сомдайтын актерлер Райан Рейнольдс пен Сэмюел Л.Джексон өз рөлдерін керемет алып шықты. Фильм желісі бойынша олардың кейіпкерлері бір-бірімен көп жылдар бойы өштесіп келеді. Бірақ, шындық пен әділдік үшін күресте олар бірігіп қызмет етуі тиіс. Криминальды комедияда жан түршігерлік жағдайлар да бар. Адамдардың қазасы, атыс-шабыс, у-шу кезінде күлкі туралы ойламайсың. Алайда, фильмде өмірде кездесіп жататын жауыздықпен күресу жолдары көрсетіледі. Киллердің өзі: «Мен жазықсыз жандардың өмірін қиюға қарсымын!» деп айтады.

Фильм басым бөлігі Амстердам қаласында түсірілген. Еуропаның керемет көріністері фильмді тек әрлей түсті.

«Демалыс күні қандай фильм көрсем болады?» деп о йланып жүрсеңіз, міндетті түрде, киноға барып, «Киллердің оққағары» / «Телохранитель киллера» фильмін тамашалаңыздар!