«Эмоджи» немесе смайлшелердің өмірі

«Эмоджи» немесе смайлшелердің өмірі
жеке
блог

Күнделікті өмірде смартфон арқылы хабарламалар алған кезде немесе жолдаған кезде смайлшелерді қолданамыз. Олардың түр-түрі бар және әрқайсысының өз функциясы бар. Сондай-ақ, олардың өз әлемі бар. Әр смартфонда смайлшелердің өз мемлекеті бар. Ол мемлекеттің тұрғындарының өмірі жайлы білгіңіз келсе, 17 тамыздан бастап, еліміздің барлық кинотеатрларында «Эмоджи» / «The Emoji Movie» фильмін тамашалаңыздар!

Фильм желісі бойынша, Алекс есімді жасөспірімнің смартфонындағы эмоджи-смайлшелердің өз өмірі бар. Әрқайсысы өзінше ерекше. Тек қана Джин есімді «Ме...» смайлшенің өзінің функциясына көңілі толмайды. Ол әр түрлі көңіл-күйді бейнелейтін смайлше болғысы келеді. Фильм барысында Джин өз жолында адал достарын кездестіріп, Алекстің сүйікті смайлшесіне айналады.

Фильм үлкендер мен кішкентай көрермендерге арналған. Бірақ, үлкендердің назары фильмдегі қызықты сәттерге емес, танымал мобильді қосымшалардың жарнамасына ауады. Ал кішкентайлар смайлшелердің жүріс-тұрысына ерекше мән береді.

Қызықты фильмнің алдын ала көрсетілім ұйымдастырған «Меломан-Афиша» компаниясы мен «Lumiera Cinema» кинотеатрына алғыс айтамын!