"Көсемсөз шебері" (Байқау)

"Көсемсөз шебері" (Байқау)
жеке
блог
 
Ғабит Мүсірепов -жазушы,көсемсөзші,драматург.1902 жылы дүниеге келіп,1985 жылы дүниеден өткен.Мен осы жақында Ғабит ағамыздың кереметтей бір романың оқып шықтым! Ол "Ұлпан" деп аталады . Бұл туындыдан ұғынарым көп болды.Себебi,туынды аса бір түсінікті тілмен жазылған. Ұлпан өзінен үлкен адамға тұрмысқа шығып,сол адамды бақытты қыла білді!Отбасының ұйытқысы бола білген Ұлпан "ел анасыда"бола білді.
Бұрынғылар "Адалдығына қарасаң әулие ме дерсің,ерлігiне қарасаң еркек пе деп қаларсың кейде"дейді екен.
Ұлпанның тұсында әрбір үйде бір жүйрік ат,әр ауылында бір балуан болған екен. Оның еліне қамқор екенің осыдан-ақ
білуге болады. 
Есеней (күйеуі)қайтыс болған соң Ұлпан байғұстың өмірі еркек шыдай алмас,әйел ғана шыдар азапта өтіп жатты. Оның жан дегенде жалғыз жұбанышы қызы -Бiжiкен едi. 
Ұлпан анамыз туралы жаза берсең әрине сөз таусылмайды. Мен сөздің аяғын Ғабит ағамыздың бір сөзімен аяқтағым келеді :"Менің ойыма өз заманынан бұрын туып, арманда кеткен үлкен жанның бейнесі біржола ұялап,шегеленiп қалды. Қанша жыл ойымда жүрсе де,қашанғы әдетім бойынша кешігіп жарық көрген "Ұлпан"сол бейнеге, сондай бейнелерге арналады ".
"Ұлпан "шығармасын әрбір қазақ оқуы тиіс туынды!