Соқыр сезім немесе Бетховеннің түйсігі
жеке
блог

Соқыр сезім немесе Бетховеннің түйсігі

Төрткіл дүниені  мойындатқан əлемдік классика жанрының алыбы Людвиг Ван Бетховеннің өмірі сан қилы оқиғалар мен небір жайттарға толы болса керек. Танымал музыканттың туылған күні жайлы нақты мəліметтер жоқ. Бірақ сақталған құжаттар бойынша ол 1970 жылы 17 желтоқсанда Германияның Бонна қаласында тіркелген. 
Екінші Моцарт. Бетховеннің əкесі өз уақытында көше музыканты болған. Өз ұлынан екінші Амадей Моцарт жасап шығарғысы келген ол ұлына жастайынан клавесина мен скрипкада ойнауды үйретеді. Бірақ, өзі күткендей нəтиже шығара алмаған соң бұл əрекетін тоқтатады. 
Өз əкесінің шешіміне қарамастан Бетховен аспапта ойнауды жалғастыра береді. Кейін ол алғаш рет 1787 жылы Вена қаласында Моцарттың өзінің алдында өнер көрсетеді. Нəтижесінде өз тетелестерінен біршама үздік өнер көрсеткен Бетховенге Моцарт жоғары баға беріпті. Аңыздарға сенсек, сонда бөлмеден шығып бара жатып Моцарт: « Болашақта ол барлық əлемге өзі туралы айтқызатын болады»  депті.
Бетховен көбейте алмаған. Болашақ композитор материалдық қиындықтарға байланысты 11 жасында мектепті тастап кетеді. Кейін латын тілін үйреніп, француз итальян тілдерін меңгергенімен сол қалпы көбейтуді де бөлуді де білмей кеткен екен. Мысалы, оған 47ні 52 ге көбейт десе, 47 санын 52 рет қосып шығатын болған.
«Мыңдаған патша бар, бірақ Бетховен біреу-ақ». Бетховен үнемі ұйысқан, кір шаштармен көзге түсіп, салақ киінетін болған. Сонымен қатар мінезімен де көпке жаға алмапты. Оның қиын мінезі жайлы кейбір аңыз-əңгімелер біздің күнімізге дейін жетсе керек.
Бірде Бетховен сахнада өнер көрсетіп жатқанда, залдағы бір ер адам əйел кісімен əңгімелесіп кетеді. Бұған шыдамаған Бетховен орынынан атып тұрып: «Бұндай шошқалар үшін өнер көрсетпеймін»  деп сыртқа шығып кетіп, кешірімдерге қарамастан қайтып келмей қояды. 
Тағы да ол өз мінезін табынушысы болған Лихновский патшаның қабылдауында болғанда көрсетеді. Бір кеште патша композитордың жиналған қауымға өнер көрсетуін сұрайды. Бұған келіспеген композитор бөлмесінде кілттеніп алады. Ашуланған патша есікті бұзуға бұйрық береді. Бұл сорақылыққа ашуланған Бетховен таңға жуық хат қалдырып кетіп қалады. Хатында: « Мен кім болсамда, өз-өзіме міндеттімін. Патшалар мыңға жуық, ал Бетховен біреу-ақ» деп қалдырыпты.
Кереңдік. Бала кезінен Бетховен көптеген аурулардан зардап шеккен. Ал ересек шағында кереңдік, анорексия, сары ауру, бауыр циррозына шалдығады. 26 жасқа толғанда композитордың ішкі құлағында қабыну пайда болып, тек гуіл ғана еститін жағдайға жетеді. Көбісі бұған себеп болған оның ұйықтамай, ноталармен көбірек уақыт өткізу үшін басын суық суға жиі малуын айтады. 
27 жасында Бетховен толықтай керең болып қалады. Ал басқалармен ойын дəптерге жазу арқылы сөйлескен екен. Ноталарды есінде сақтау арқылы ойнап, музыканы қиялында шығарған оның дүниені мойындатқан керемет туындылары осы шағында жарыққа шыққан. Оның бір мысалы «Тоғызыншы симфония». «Тоғызыншы симфония» шыққаннан кейін айтарлықтай табысқа кенелді. Бір концертте Бетховен осы шығарманы орындап болғаннан соң зал шулап, мақтау сөздерді айқайлап, өте тамаша қолдау көрсетеді. Бірақ бұл кезде толықтай керең болып қалған Бетховен оркестрге қарап, залды көрмеген еді. Сонда жүрегі елжіреген бір музыкант Бетховенді иығынан ұстап залға қаратады. 
Композитор 1827 жылдың 26 наурызында дүниеден өтті. Ал қайтыс болуының себебі əлі күнге дейін белгісіз. 
«Таланты мен еңбекке деген сүйіспеншілігі бар адамға ешқандай кедергі жоқ». Людвиг Ван Бетховен.