Зейнетақы қоры қайда инвестицияланады?

Зейнетақы қоры қайда инвестицияланады?
жеке
блог

БЖЗҚ АҚ айналасында дау тоқтамай қойғаны белгілі. Соған орай, зейнетақы қорының капиталы қайда инвестиция ретінде жұмсалып жатқанын анықтап көрдік.

Айта кетсек, Зейнетақы қорын инвестициялауды Ұлттық Банк өз жауапкершілігіне алған. Ұлттық Банк жанында инвестициялық комитет жұмыс істейді. Ұлттық банк басшысы, монетарлық операциялар мен тәуекел департаменттерінің жетекшілері, Қаржы министрілігі мен Үкіметтен және тағы басқа лауазымды тұлғалар сол комитетке мүше.Десе де, Данияр Ақышев жыр болып кеткен Халықаралық Әзірбайжан Банкінің облигацияларын сатып алу туралы шешімге қатысы жоқ екенін айтқан. Шешімнің тым саяси екенін аңғарған шығарсыздар.

Ары қарай, Ұлттық Банк ХӘБ дауы өршігеннен кейін Зейнетақы қорына қатысты инвестициялық саясатын қатаң қадағалап, шетелдік активтерін қысқартқан. Соның өзінде қордың 12,7 пайызы шетелдегі халықаралық қаржы институттарының депозитарлық қолхаттарына салынған.

Ұлттық Банктегі монетарлық операциялар департаменті берген мәліметке орай, БЖЗҚ активтері Barclays, Morgan Stanley, Еуропа қайта құру және даму банктеріне салынған. Бірақ аталған институттардың рейтингі AAA+ болғаннан кейін түсетін табыс та өте аз. Себебі RISK жоқ. Одан біздің мемлекеттік құнды қағаздардың пайызы көбірек.

10 жылдан кейін Қазақстан әйел азаматтары 63 жастан зейнетке шығады. Дереккөзі: "БЖЗҚ" АҚ

Түсінуімше, Ұлттық шетелдік активтерде капиталын ұстау арқылы қор активін "диверсификациялап" отыр. Он жұмыртқаны бір себетте ұстау тым қауіпті дейді инвесторлар, сондықтан нарықта өзгеріс орын алғанда, бір салымнан ұтылған кезде, өзге біреуінен ұтып отырасың!

Диаграммадағы сандар трлн. теңге есебінде берілген. Жалпы бүгінде БЖЗҚ АҚ активінде 7,157 триллион теңге қаржы бар. Одан бөлек, Қордың меншікті активі бар (35 миллиард теңге). Коммерциялық емес ұйымның меншікті активінен инвестиция жасалғаны жайлы есіткен шығарсыздар. Қазір соған қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.