«ӘДЕБИЕТ ПЕН КИНО: әріптес пе,бақталас па?»
жеке
блог

«ӘДЕБИЕТ ПЕН КИНО: әріптес пе,бақталас па?»

 Әдебиет пен кино-қоғам айнасы.Бұл екеуі әр саладан хабар беретіні барлығымызға белгілі.Ал егер осы екі ұғым «екі жарты бір бүтін» болып біріксе қалай болады? Біреккеніне барлығымыз куәміз, әлем әдебиетіндегі «Ромео мен Джульетта», «Гамлет», «Ғажайыптар еліндегі Алиса», «Гуливердің саяхаты», «Дон Кихот» секілді шығармаларды айтпағанда, өзіміздің төл туындыларымыз жетерлік «Қыз Жібек», «Шұға», «Менің атым Қожа», «Қараш Қараш», «Алмас Қылыш» т.б.  міне көрдіңіздер ме, осы туындыларды арқау етіп экрандалған фильмдерді біріміз көрсек, біріміз көрмегеніміз тағы бар. Неге өзгенің «Кітабы фильмнен жақсырақ» немесе «Фильм кітаптан жақсырақ» деген пікірін естіп  қана шегінеміз. Сізге кім кедергі? Кітабын оқып, содан соң фильмін көріп саналы түрде салыстырып, өз ойыңызды қортып жеке пікір қалыптырғанда не жетсін,шіркін. Міне, осы сәтте  «Әдебиет пен кино: әріптес пе, бақталас па?» деген сұрақтың жауабын ойланбай берер едіңіз.Қазір сіздерге бір ұсынысым бар, осы мақаланың оқып біткен соң өз пікіріңізді жазсаңыз, сосын жоғарыда жазылған менің кеңесімді тыңдап өзіңізге тәжірибе жасап көрсеңіз, міне содан кейін қайтадан өз ойыңызды тағы толықтырып жауап берсеңіз нұр үстіне, нұр болар еді. Ия, мүмкін ерініп тұрған шығарсыз,ол табиғат заңы.Бірақ, бұл ерінетін жұмыс емес, рухани жетілу сатысының тағы бір баспалдағына жоғарылайсыз. Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығыңызды  дамыту- сіздің қолыңызда. СӘТТІЛІК!

                                                                                       

P.S. Ал егер сіз кітабын оқып, фильмін көрген туынды болса, өз пікіріңізбен бөлісуге асығыңыз.Әрбіріңіздің пікіріңіз маңызды. Бір сөйлем болса да жазып қалдырсаңыз ғанибет болар еді.