Бір қадам бірнеше километрлерге дейін апарады

Бір қадам бірнеше километрлерге дейін апарады
жеке
блог

Сəлем, достар! Армысыздар, құрметті оқырмандар! 

Арамыздың алшақтап кетуіне не себеп болғанын білмеймін. Уақытша болса да біраз оқырмандарымды жоғалтып алғаным анық. Əйтсе де, талмай еңбек ету мен үздіксіз ізденіс арқылы оларды кері қайтаратыныма сенімдімін. Олай болса, бастайық. 

1. Қазақстан тарихы пəнінен алтыншы сыныптың курсын аяқтап, меңгеріп шықтым. Тесттерді көмекке шақырып, жалпы курстар бойынша 20 сұрақтың 16 ұпайын жинап жүрмін. Дегенмен де, əлі талай еңбектенемін.

2. Ағылшын тілін үйрену. Жалқаулыққа салып, тілді меңгермей-ақ қояйын деген паразит ойлар мені де мазаламай жүрген жоқ. Тіл үйрену адамды жан-жақты дамытады. Оның артықшылығы мен пайдасы өте көп. Есте сақтау қабілетін дамытады, мəдениетті үйретеді және басқа əлемге еніп кетуге жол ашады. Тілдік деңгейімді "Дуолинго" қосымшасы арқылы анықтап көрдім. Көрсеткішім 44 пайызға жетіпті. 

3. Əңгіме жазу. Иə, бұл - менің хоббиім ғой. Кей адамдар ұйқыны қалай жақсы көрсе, мен де жазғанды солай жақсы көремін. Мен сияқты эмоцияға берілгіш адамға жазу, рөлге ену, биіктіктен секіру деген сияқты дүниелер адреналинді үйіп-төгіп береді. Жазу арқылы мен өзімді кейіпкерімнің орнында сезініп, оның басынан кешкен əсерлі оқиғалардан ләззат табамын. Егер, мемлекет жазушыға дара маман иесі ретінде қараса, мен жазушы болар едім. Əлі де көп ізденіп, оқу керек. Əлем əдебиетінің ұлылары өмірге əкелген шедеврлерді жазу қазақ жазушыларының да қолынан келеді. Оны Мұхтар Əуезов, Сəкен Сейфуллин, Шерхан Мұртаза сынды жазушы аталарымыздың өздері-ақ дәлелдеп қойған.