найнти уан тобынан келетін зиян қандай?

найнти уан тобынан келетін зиян қандай?
жеке
блог

Рухани мықты отбасы кез келген шабуылдарға төтеп береді. Ал рухани берік болу үшін қазақ дəстүрлерінен айнымау керек. Қазір көк жəшік пен желі арқылы неше түрлі жаңалықтар тарап жатыр. Ақпараттың 90% -ын көру арқылы қабылдайтынын ескерсек, түптің түбінде осы пропагандалық ақпараттар отбасылық құндылықтарды жойып бітеді. 
Бар жоғы 2-3 ай. Осы уақыттың ішінде Найнти уан деген топты білмейтін қазақ қалмаған шығар сірə... Əсіресе жастар осы топты еліре тыңдайды. Оның ішінде мен білетін, қосыла тыңдап жақтайтын бірнеше қоғам белсенділері бар. 91 деген топты көру арқылы өтпелі кезеңдегі жастарды бұзып аламыз ба деп қорқамын. Бұл кезеңде олар əр нəрсеге еліктегіш келеді. Көрген нəрсені қайталау осы кезеңге тəн.

Бұрын қандай еді. Ол кезде шет елдің киноларын көретінбіз.
"Ханзада Жумонг" деген кино болатын. Үзбей көретінбіз. Қазақтың батырларынан гөрі кəрістің батырлары біз үшін сұсты біз үшін нағыз батыр болып көрінетін. Айта берсе көп. "Куан Ге Тосы" тағы бар. Осы киноларға еліктеп қылыштасып ойнайтынбыз. "Мен жумонг болам" деп таласатынбыз. Кейін 13-аймақ(В13) атты францияның киносы шықты. Басты рөлдегі актерларға қызығып тастан тасқа ағаштан ағашқа үйдің төбесінен секіретінбіз. Көз алдымда талай бала қол аяғын сындырып алған-ды. Міне, біз ақпаратты қалай тез қабылдаймыз. Көрген нəрсемізге еліктейміз. 
Ал найнти уанды күнде тыңдап көретін қыз жігіттер жетерлік. Солардың санасы улана ма деймін.

Менің жасымнан төмен қарай қазір көп қыздар кəріс пен түріктің киноларын көреді. Соның ішіндегі "Дорама" деген жанрын қазақ қыздары өліп-өшіп көреді. Бастары қосыла кетсе кəрістің актерлерінің өмірін талқылып əлек-шəлек.

Кино мұқым халықты санасын қалыптастыруға қаухарлы бұған дəлел: жақында Ақтау қаласында бір отбасы үнді салт- дəстүрі бойынша той өткізді. Бəрі үндінің ұлттық киімін киіп суреттерге табынып, қонақ күткен. Бұл арналардан үзбей көрсетілетін үнді киноларының əсері болуы мүмкін. Біздің қазақтың қыздары да кəрістің киносын көріп қазақ жігіттеріне деген талғамы өзгермесіне кім кепіл. Бір қыз жігітіне былай деп айтады екен. 
-Сен неге (кəріс киносындағы бір жігіттің атын айтып) сол сияқты болмайсың ол қызына былай жасайды олай жасайды деп.

Күндердің күні кəріс киносына құмар қыздар, кəрістің жігітіне ғашық болып қалдым, сол жаққа күйеуге шығам десе таңқалмаймын.рт