К-РОР концерт. Кімдер келді?

К-РОР концерт. Кімдер келді?
жеке
блог

Жаз уақыты жүрегіңді тулататын әртүрлі көңіл толқындары мен алабыртқан жаңаша сезімдерді бастан кешіретін уақыт емес пе? Кім болмасын жылына бір рет келетін ұзақ демалысын көңілді өткізу үшін әртүрлі шытырман оқиғалардың ізденісінде жүреді. Сол секілді мен де өз хикаямды іздеп, жолға аттандым.

Бастан кешкен әсерлі сәттердің кімнің болмасын жақсы естелік болып қалғанын қалайтыны рас. Мен үшін ерекше есте қалған оқиға - К-РОР концерт болды. Халлю жанкүйері ретінде Корей елінің атақты топтарын көру маған үлкен қуаныш сыйлады. Ал, кеш қонақтары ретінде HIGHLIGHT, AOA, B1A4 топтары келген болатын. Сонымен қатар, отандық өнер жұлдыздары BlackDial мен NinetyOne топтары да келді.

Кеште алған әсерімді, сондағы көңіл-күйімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір жағынан осы концерт корей тілін үйрену барысындағы бір тәжірбие болды ма деп те ойлаймын. Себебі, корей әртістерінің айтқан сөздерін айна қатесіз түсіндім. Кәріс тілін үйренуді алдыңғы мақсатым еткен мен үшін бұл үлкен жетістік.

Ойға алған істерімнің біртіндеп орындалып, жүзеге асуы алға жүруге деген ерік-жігер береді екен. Жаның сүйген іспен айналысу көңіліңе жайлылық пен рахат сезімін сыйлайды, одан әрі жетістікке жетелейді. Осындай позитивті ойлармен шыңға қарай ұмтылу, оның нәтижесін өз көзіңмен көру қандай керемет десеңші!