"Ер Төстік" ертегісі Қазақ Мемлекеттік Циркінде!

"Ер Төстік" ертегісі Қазақ Мемлекеттік Циркінде!
жеке
блог

22 шілде мен 20 тамыз аралығында Қазақ Мемлекеттік Циркінде "Ер Төстік" атты жаңа бағдарлама көрсетіледі.

"Ер Төстік" қазақ халық ертегісінің желісімен қойылған көрсетілімнің ерекшеліктері:

  • Бұл қазақ мемлекеттік циркінің аренасында тұңғыш рет қойылған лазерлік шоу;
  • Бұл қойылымда тек қана Қазақ Мемлекеттік циркінің әртістері қатысады. 100-ден аса адам жұмылдырылған. Оның 65-і цирк әртістері;
  • Қойылым дайындығына 3,5 ай уақыт жұмсалды;
  • 150 жаңа костюм тігілді;
  • Жаңа қойылым елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан "EXPO-2017" шарасының құрметіне жасалды;
  • Бұл қойылымды аздан кейін Шымкент қаласының тұрғындары көре алады.

Күні кеше тұсауы кесілген көрсетілім көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Қойылымға келген әрбір көрермен үлкен әсермен қайтты. 

"Ер Төстік" лазерлік шоуы әр сенбі мен жексенбі күндері Қазақ мемлекеттік циркінде қойылады. Басталуы сағат 12:00 мен 16:00-де. Билеттерді цирк кассасынан алуға болады.

Суреттер Қазақ Мемлекеттік циркінің Facebook.com парақшасынан алынды