Қазақстанда Әлем чемпионаты өтсе...

Қазақстанда Әлем чемпионаты өтсе...
жеке
блог

"Мундиаль" деген лақап аты бар футболдан Әлем чемпионаты төрт жыл сайын төрткүл дүниенің төрт бұрышындағы аяқдоп жанкүйерлерін теледидар алдында телміртіп, бүкіл назарды өздеріне аударып алады. Келер жылы көршілес Ресейде осы чемпионат өтеді. Конфедерация кубогы ойдағыдай өтті. Осы турнирде орын алған олқылықтар келер жылғы бәйгеге дейін түзеледі деп сенеміз. 
Ресей делегациясы.

Ал 2022 жылы бұл турнир Катарда өтеді. Таяу Шығыстағы алғашқы "Мундиаль". Мемлекет астанасы Дохада алты бірдей стадион салынуда. Бұл бір қаладағы стадиондар саны бойынша рекордты көрсеткіш. 
ӘЧ-2022 логотипі.
Ал 2026 жылғы Әлем чемпионаты әзірше қайда өтетіні белгісіз. Дегенмен де үміткерлер жоқ емес.  Әзірбайжан/Түркия, Англия, Армения/Грузия, Қазақстан, Канада, АҚШ, Мексика, Колумбия, Аргентина, Марокко, Гана/Камерун, Нигерия

ӘЧ кубогы.

"Қазақстан"! Тіпті біздің ел де осы бір ғаламат бәйгені өз елдерінде өткізуді қалайды. Кейбіреулер айтады: "Ооой, қажет емес, бос шығын". Ал біреулер "Дұрыс! Елімізді футбол даму керек" деп жатады. Ең жақсы пікірлердің бірі "EXPO-ны аман-есен өткізіп алайықшы".

Ал енді, егер де елімізде осы бәйге өтетін болса қалай болады? Жаман және жақсы жақтарын қарастырып көрсек.

Жаман жақтары:
1. Үлкен шығын.  
Сөзсіз мұндай үлкен турнир ұйымдастыру үшін үлкен бюджетпен қамтамасыз етілген болуымыз қажет. Алайда, кең байтақ "Ұлы даламызда" көптеген стадиондарды салу өте қиын болады. 2026 жылғы ӘЧ тұңғыш рет 48 команданың қатысуымен өтетінін ескерсек, кем дегенде 12-15 стадион керек. Бұлардың әр қайсысына қанша бюджет кететінін тіпті елестете алмаймын. 
Әлем чемпионатына лайық деген "Крестовский" аренасына барлығы 43 миллиард/237 миллиард теңге кеткен!... Сонда бір ғана стадионның бюджетті қалай тесіп өтетінін қарасаңызшы...
"Крестовский" аренасы.
2. Жанжалдар мен төңкерістер.
Мәселен, біз осы турнирді өткізу құқына ие болдық делік. Осыдан кейін Қазақстан Футбол Федерациясы мемлекеттен турнирді өткізуді осындай-осындай қаржы керек дейді. Мемлекет мұндай керемет жолдаманы ұтып алған біздің делагацияға жеңістері үшін үлкен бюджет бөледі. Бірақ... Тағы да EXPO құрылысы кезіндегідей дағдарыс басталады. Зейнетақы, жалақы азаяды. Бірақ ойлаңызшы, ЕХРО тек Астанада. Ал ӘЧ бүкіл елде өтеді. Бұл сөзсіз үлкен шерулерге әкеледі. Қарапайым халық төртбұрышты доп қуалайтын, жасыл кілем төселген ойын алаңына кеткен қаржыны халық игілігіне жұмсағандарын қалап, төңкерістер де ұйымдастыруы мүмкін(Құдай сақтасын).

3. Стадиондар босқа қалады.
Көптеген елдердегі футбол стадиондары қазір қажетсіз болып отыр. Тіпті Бразилиядағы "Маракана" стадионы да қазіргі күні қаңырап тұр. елімізде "Мундиаль" өтетін болса, біздің де стадиондар осылай қалмақ па деген сұрақ келері анық. 

"Маракана""Маракана""Маракана"
Жақсы жақтары:
1. Касса бюджетті ақтайды.
Қанша бюджет кетпесін бұл турнирдің кассасы оны ақтайды. Ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінен жанкүйерлер келеді, әрине ақтайды. Және де бұл жолы 32 емес, 48 елдің фанаттары. Стадион жанынан балмұздақ сататын дүкен ашып алсаң да, қандай пайда болар еді. 

Камерун жанкүйерлері.
2. Танымалдылық. 
Чемпионат Қазақстанда өтсе, біздің жалауымыз әлемдегі ең танымал төртбұрышты бейнеге айналады. "Сфера" мен "Бәйтеректің" жанында туристер қаптайтын болады. Әлеуметтік желідегі ең танымал хэштегке айналамыз. Және барлық елдердегі телевизиялық, интернет бағдарламаларда "Қазақстан" деген сөз сәт сайын айтылады. Бұл ғажап емес пе???

ӘЧ кубогы және Brazuca.
3. Футбол дамиды.
Осындай аламан елімізде өткеннен кейін, стадиондардағы орындықтар әрине, қызық көргісі келетін қазақтың қара домалақ балалары болады. Олар стадионнан қарап отырып, футболға қызығып, ойынның мәнін түсініп, жасыл алаң да аладоп үшін алысқан футболшылар секілді болғысы келеді. Және де ақыр соңында олар да доп теуіп, осындай мыңдаған балалардың ішінен біреуі болмаса басқасы еліміздегі мықты футболшылардың қатарын толтырар еді. 

Жас футболшы
Осылайша мен өз блогымды тәмәмдаймын. Негізінде блогты жоспарлағандағы ойлағанымның көбісін ұмытып қалдым. Мүмкін сол ой сіздердің саналарыңызда шығар? Пікір алаңына жазып кетіңіздер! Ал турнир қай елде өтетіні 2020 жылдың мамырында белгілі болады.