Таңдау жасаңыз! Шет ел ме? Қазақстан ба? (байқау)

Таңдау жасаңыз! Шет ел ме? Қазақстан ба? (байқау)
жеке
блог

  

       Демалыс...Демалу...Туризм... Шіркін-ай,осы сөздерді естігенде кімнің демалғысы,шет елге барғысы келмейді дейсіз?Адам болған соң,шаршайсыз,күнделікті күйбең тірлікті тастай салып,сонау Түркияға немесе  Мальдив аралына  барып демалғыңыз келеді.Әттең, оған қаражат жоқ қой...Сол баяғы үй,бала-шаға деп жүріп дұрыс демалмайсыз. Ал ақшасы бар адамдар шетелге  барып,бәленбай  ақшаларын шашып келеді. Ең дұрысы –өзіміздің Бурабайда немесе Іле өзенінің жағалауында суға түсу емес пе? Менен ең керемет,ең әсем жерді сұраса,"Жер жәннаты –Жетісу" дер едім.Менің Қазақстаным ең сұлу емес пе?

       Статистикаға сүйенер болсам,біздің мемлекеттің азаматтары шетелге жиі барады екен.Шетел,шетел деп жүріп өзіміздің елді ұмытып жатады.Ал біздің елге туристтер келе ме? Әрине,жылдан-жылға туристтердің саны артуда.Бұл біздің мемлекетіміз үшін үлкен жетістік.Мысалы,біздің мемлекетте өтіп жатқан "Экспо–2017" дүниежүзілік көрмесі.Дүниежүзілік бұл көрменінің біздің мемлекетте өтуі үшін дауыс берген мемлекеттер саны–103.Ал туристтерге келер  болсам,Экспоға миллиондаған адам келіп жатыр,көбісі шетел азаматтары. Біздің мемлекет  үшін бастысы пайда табу емес,бастысы–"Экспо–2017-нің" жоғарғы деңгейде өтуі. Бұл еліміздегі басты жаңалықтардың бірі. Ал басқа да мәліметтерді ескерер болсам,біздің  мемлекет туристтер  үшін  жайлы,әрі қолайлы болып  табылады.

     Біз болашақта елімізді көркейтіп,басқа мемлекеттердің қызығушылығын  арттыруымыз керек.Қазақстанды  үздік отыз мемлекет қатарына қосуымыз керек.Ол үшін не істеуіміз керек?Бұл сұрақ сәл дұрыс емес сияқты. Не істей аламыз?Осы сұрақ тіптен дұрыс.Біздің қолымыздан келетіні– білім алу.Жай ғана білім алу емес,сапалы білім алу.Алдымызға мақсат қоюымыз керек. Әрине,шетелде демалған дұрыс қой.Ал сіздің ойыңызша, шетелге саяхаттап барып,басқа мемлекеттің жаңа техникасын біліп,танысып,оны өзіміздің мемлекетте неге ұйымдастырмасқа?!Әлі де кеш емес.Туристтерден келер пайда қандай десеңіз?Туристтер біздің озық мемлекеттер қатарына қосылуымыздың бірден-бір жол ашушысы. «Менің таңдауым–Қазақстан» деп туристтер айтса,біздің мемлекетке өте көп шетелдіктер тартылар еді.Демалып,таң қалып,Қазақстан деген осындай екен ғой дейтін еді.

   Ал менің таңдауым –Қазақстан...Әрдайым...