Əдебиет пен кино (байқау)
жеке
блог

Əдебиет пен кино (байқау)

Журналисттың басты қаруы қалмы емес пе?Мақсатым жазу стильмді қалыптастырып,арманыма бір табан жақындау.Менің  алғашқы бастамам….
Əдебиет пен кино-мемлекет айнасы,салт-дəстүрін,тұрмыс-тіршілігін дəріптеу құралы,қоғамның көрінісі.Бұл екі ұғым арқылы адамды тəрбиелеуге,пікір туғызып,қорытынды жасауына мүмкіндік береді.
Кино- көркем өнер.Шытырманға,махаббатқа,қиял-ғажайяпқа толы.Бүгінде бүкіл əлем кино мен телехикая саласына салғырт қарамай,үлкен ден қойып жүр.Жыл сайын ең үздік туындылар таңдалып,авторлары,актерлері марапатталып жатады.Қаншама адам еңбегімен,техниканың мүмкіншіліктерімен таңдандырып,кино саласының дамып келе жатқаны қуантады.Бірақ əттеген-ай дейсің ғой тағы да.Дамығаны соншалық шектен шыққандары да аз емес.Қазіргі режисерлер тəрбиені қойып,пайда ойлап кеткені өтірік емес?Киноны тамашалаған миллиондаған көрермен кейіпкелерге еліктеуге тырысады,шаш үлгісін,киім киісін,мінез-құлықтары дəл кино кейіпкеріндей болғысы келеді.Кинодағы бас кейіпкердің қылмысы дұрысқа саналып,жазасыз қалуы да кері əсерін тигізеді.Кино арқылы тəрбиелеу деген осы емес пе?
Ал,əдебиет ше?Əдебиет-сөз өнері.Сөз құдіретін түсіне білген адамға əдебиет тек өнер ғана емес,рухани қазынаның алтын діңгегі.Əдебиетпен сусындаған жанның ой-өрісі дамып,көз алдына елестету қабілеті артады.Кітаптың бір кейіпкері болып сапар шегеді,ойланады,қиналады,қуанады,қорытынды жасайды.Ал əдебиетсіз сенің миың тұрып қалған көлшік секілді.
 
             Əр затқа талғаммен қарайық.Себебі сіз миыңызды сонымен қоректендіресіз.
Сіз қалай ойлайсыз əдебиет пен кино: əріптес пе,бақталас па?