Шынықсаң шымыр боларсың (байқау)

Шынықсаң шымыр боларсың (байқау)
жеке
блог

Ос!(Каратэде осылай сәлемдеседі.) Каратэ адамның күші, шапшаңдығы, шыдамдылығы, ептілігі, әдіс тәсіл, айланы қолдана білуі, рух мықтылығы сыналады. Менде бойымдағы осы қасиеттерді каратэ арқылы сынап жүрмін. Кешке әдеттегідей тренировкаға шықтым. Бірақ бүгін жүгіріп қана қоймай, каратэдегі серігіммен бірге дайындалдық. Яғни жаттығу жасадық (джеб, хук, апперкот, маэ-гери, хидза-гери, аке-уке, т.б.), жекпе-жекке шықтық. Бүгінгі тренировкадан біраз шынығып қайттық. Серігімнің қаладан келгені қандай жақсы болды. Ол келгенге дейін жалғыз өзім дайындалып жүргендім. Енді күніге бірге дайындаламыз. Себебі күзде Алматы қаласында каратэден Республикалық жарыс болады. 1-орын алу үшін жақсы дайындық қажет. Тамыз айында ұстазымыз Арнұр Рахымжанұлының тренировкасы басталады. Сол кезде мен сіздермен барлық каратисттермен бірге жасап жатқан жаттығуларымыздың суреттерімен, күресіміздің видеоларымен бөлісемін.

Жаттығу барысын суреттер арқылы баяндайын...

Байкау

 

Байкау

 

байкау

 

байкау

 

байкау

 

байкау

Біздің жаттығуымыздың қысқаша барысы осылай болды. Алдағы уақытта Арнұр ағаймен кезекті жаттығулар басталғанда қызықты блогтар болады. Оған дейін басқа мақсаттарыма көшейін.