Көкке шығу

Жаңа бір кластасыммен сөйлесіп отырсам ауылға барып көкке шыққан әңгімелерін айтып отыр, қызығып кеттім, есіме бір өткен кездегі көкке шықанымыз түсіп кетті.

Біздің ауылда көкке Жоңғаралатауына шығатынбыз, қалай май басталды мұғалімдеріміздің құлақ етін жеп көкке шығайықшы деп жамырап жүруші едік. Ұлдар аттарын, арбаларын дайындап, ұнататын қыздарын аттарының алдына отырғызып көкке барушы едік. Сондай бір кезекті көкке шығу кезінде – мен жылап барып жылап қайтқамын. Ол былай болды: бәріміз көкке шығамыз деп мектеп алдына дайындалдық ұлдар  аттарын ерттеп алған жаңағыдай қыздарын отырғызып жатыр. Маған үйден ертеп берейін дегенде жоқ қорқамын Мәдиге, не Айдосқа отырамын деп (бірі інім, бірі нағашы ағам бәріміз бір мектепте оқимыз)  атсыз шықтым. Мектептің алдына келсем Мәдиім алдына бір қыз, артына бір қыз отырғызып алған, саған орын жоқ дейді. Айдос қайда екен деп тұрсам ол да солай өзі ұнатқан бір қызды алып алыпты алдына. Мен қайда отрамын десем, екеуі де енді ұят қой сен арбаға отыр дейді. Ол арбада адам көп оның үстіне жоғары шыққанда ат тарта алмай қалады сомен не керек жаяу елдің қатарына қосылып жылап екеуіне ренжіп бардым. Қайтарда мені біреуі алады екен десем, екеуі тағы да қыздарын алып алыпты, мен жылап тағы жаяу қайттым. Содан үйге екеуіне концерт қойып ренжіп, әкеме айтып жылап қалдым. Екеуі өтірік кешірім сұрап қояды. Үйдегі аға-әпкелер мені мазақтап жүр солай жігітің жоқ, олардыкі дұрыс қыздарын қалай тастап кетеді деп мені одан ары ызаландырып қояды. Содан өзіме енді көкке сендермен бармаймын деп серт бергем ол кезде 9 класта оқиды екемін, расымен ойлап отырсам содан кейін кейінгі жылдар жиналған көкке бармаппын. Қазір олап отырып күлкім келеді.



Бөлісу: