Сиам егіздері

Сиам егіздері
жеке
блог

Бүгінде «сиам егіздері» дегеннің кімдер екенін көп адамға түсіндіріп айтудың да қажеті шамалы. Бұл жайлы инет бетін ақтарсаңыз түрлі мәліметтерге тап боласыз. Біздің қазақ тілді баспасөз бұл жайлы қашан жазды деп ойлайсыздар. Біреулеріңіз соғыстан соң, біреулеріңіз тәуелсіздіктен соң деп ойлауларыңыз да мүмкін. Бірақ, бұндай мәліметтер тұңғыш рет «Түркістан уәлияты» газетінің 1871-ші жылғы 30-шы маусым күнгі нөмірінде жарияланған екен. Белгісіз автор 1811-ші жылы Сиам қаласында дүниеге келген Чанг пен Энг жайлы(аттарын көрсетпеген екен) жазып өтеді. Мәліметтерді жүрдім — баодым бере салмай екеуінің кейінгі өмірлеріне де шолу жасап, олардың 20 жастарында палысіңлі қыздарға үйленіп 24 бала сүйгенін, олардың 5-уі шетінеп, он тоғызының тірі екенін де жаза кетеді. Жастары келген соң дәрігерге барып ота жасауын өтінгендіктерін, бірақ өмірлеріне қауіп төніп тұрған соң ота жасалмағанын да айтып өтеді. 1871-ші жылы осынша жазылғанда біздің қазіргі кезімізде бұл тақырыпқа кеңінен тоқталмасақ ұятты болып қалармыз.

Чанг пен Энг

Сонымен…
Сиам егіздерінің пайда болуын ғалымдар «жұмыртқа жасушаларының дұрыс бөлінбеуінен » деп түсіндіреді. Жұмыртқаның даму сатысының белгілі бір сатысында жасушалардың бөлінбеуіне байланысты бұндай егіздер дүниеге түрліше жабысып туып жатады. Ғалымдар бұның салдарын генетикалық тұрғыдан да іздеді, енді біреулері психалогиялық ауру деп есептеді. не дегенмен де бұндай егіздердің пайда болуының алдын ала алмауда және дүниеге келген күннің өзінде сәтті ота жасаудың өзі еіталай.
Жоғарыда аталып өткен Чанг пен Энгке дейін де бұндай егіздер дүниеге келген. Тек, бұған дейін ондай сәбилерді «ақырзаман әкелушілер» деп өлтіріп отырған, кей жағдайларда аналарымен қоса «ана жаққа» жіберіп отырған екен. Кейін келе бұндай егіздерді табыс көзінде пайдаланған. Түрлі жәрмеңкелерде халық назарын егіздерге аударып, ақша тауып отырған. Бұндай дәстүрдің бастауын Чанг пен Энг арқылы жасағандықтан, жабысып туылған егіздер «Сиам егіздері» деп атала басталды. Чанг пен Энг осы жол арқылы байып, жеке ферма сатып алып, тіпті құлдар қызметін де пайдаланған екен. Энг құмар ойындарға құмар болып, Чанг болса спирттік ішімдікке кет ары болмапты. Чанг ішкен арақ Энгке ойын барысында көптеген кедергілер келтіріп отырған екен. Ол ойынға жеткілікті назар аудара алмай көбіне ұтылып отырған. Бұның соңы екеуінің ұрсысып қалып, ақыры екі бөлек тұруларына әкелген деседі. Үш күн Энгтің үйінде, үш күн Чангтың үйінде қонып отырған екен. Өмірінің соңғы жылдары Чанг ішімдік ішуін үдете түскен екен. Ақыры 1874-ші жылы қайтыс болады. Энг болса өз егізінің өлімінен соң 3 сағаттан кейін көз жұмған екен.
Жабысып туған егіздердің тағы бір жұбы ХV ғасырда, Яков 4-шінің сарайында өмір сүрген екен.Шотландтық ағайындар аталып кеткен бұл екеуіне король оң көзбен қарап, жағдайларын жасап, оқытқан екен.Дегенмен бір денедегі екі адамның көзқарастары біреу болып шығып жатуы сирек шығар. суретшілік өнер, музыка жанрындағы түрлі пікірталастарда қызылкеңірдек болған екеуі кей кездері дауды жұдырық арқылы шешіп отырған сыңайлы. 28 жыл өмір сүрген егіздердің біреуі, жұбының өлі денесін сүйретіп бар- жоғы одан бес күн ғана ұзақ өмір сүріпті.
1878-ші жылы бір-біріне арқасы емес, тура құйрық жақтары жабысып туған Роза мен Жозефа келеді. Екеуінде екі жүрек, екі өкпе болғандарымен асқазандары біреу ғана екен. Бұл екеуінің мына түрлерінен шошыған ата-анасы балалардың өлгенін дұрыс санап, бірнеше күн тамақтандырмай қойыпты. Маңдайларына солай жазылғандықтан ба сол аштықтан тірі қалған екі егіз кейініректе өмірдің біраз қызығын көріп барып қайтыс болыпты. Оған дейін апалы-сіңілі екеуі жер шарын аралап, болған жерлерінде арфа мен скрипкада ойнап көрермен қошаметіне ие болған.
28 жастарында Роза неміс офицеріне ессіз ғашық болады. Бұл әрине Жозефаға ұнай қоймапты.Себебі, екеуінің жыныс мүшелері ортақ еді. Екіншісінің қарсылығына қарамастан біріншісі сол неміс офицерінен дені сау баланы жарық дүниеге әкеліп, есімін Франц деп қояды.
Маша-Даша атты орыс сиам егіздерінің өмірін ешкімнің басына бермесін. Бұл екеуі шеше құрсағынан шыққан кезде акушерке талып қалған екен.Егіздерде екі бас, бір дене, үш аяқ бар еді. Шырылдап жылаған балаларының бұл түрін көрген анасы жынданып кетіп, Берияның жеке жүргізтушісі қызметіндегі әкелері балалардан бас тартқан екен. Бұдан кейінгі жеті жыл бойы егіздер зертеу институында, кейінірек қарттар үйінде өмір сүріпті. Ешқай жерге жұмысқа алмаған себепті, Даша ішімдікке салынып кетіп, арты Маша екеуінің 53 жастарында дүниеден өтуімен аяқталған екен.

Сонымен неліктен бұндай жандарды қинамай, күрделі болса да ота жасамасқа?! Бұның бір ғана себебі егіздерде маңызды ағзалардың біреу ғана болуы.
2000-шы жылы Ұлыбританияда соттың шешімімен Джоди және Мэри атты сиам егіздеріне ота жасалынды. Меридің қан айналым және тыныс алу жолдары толық жұмыс жасамай, бұл жайт Джодидың екі денеге қатты күш жұмсауына әкелген екен. Дәрігерлер ота жасалмаса нәрестенің екеуі де ұзаса 1 жарым ай өмір сүреді деген екен. Ақыры 15 сағаттық отаның нәтижесінде Джодидың өмірін аман алып қалудың өзі медицинаның жетістігі деп танылды.Соттың шешімімен деген себебіміз, ата-анасы бұл отаға қатты қарсы болған екен.
Десек те сәтті оталар жоқ емес. 2002-ші жылы Калифорния университетінде желке жақтары жабысып туған гватемалық Мария Тереза мен Мари де Хесус Алварестерге жасалған ота күрделі де болса сәтті болды.
2001-ші жылы Сингапурлық дәрігерлер жасаған ота әлемді дүр сілкіндірді. Себебі, ота 88 сағатқа жалғасқан еді.Ганг пен Джамун аты сиам егіздері бас жақтарымен жалғасып, мидың кейбір бөліктері екеуіне ортақ еді. Бұл жағдайда дәрігерлерге мидың қай бөлігі кімдікі екенін дәл анықтау керек еді. Ота жасаған дәрігерлер сиақыдан бас тартып, Сингапур халқы жинап берген 390 мың доллар қаржы дәрі-дәрмек пен аурухана күтіміне, кейінгі күтімге жұмаслды.
Бұндай сәтті оталардың қатарына орыс дәрігерлері жасаған қырғызстандық 11 жасар сиам егіздеріне жасалған отаны да жатқызамыз. 10 сағатқа жалғасқан ота сәтті өткен. Іш жақтарымен жабысып туған гита мен Зитаның зәр шығару жолдары біреу, екі бүйрегі және үш аяғы бар еді.
Кей жағдайларда өмірге келмеген бұндай егіздер, өмір сүріп жүрген адамдардың ми бөлігінен, іш құрылысынан ұзақ жылдардан кейін белгі беріп жатады. Бұндай оқиғалар сирек те болса бар екен.