Мен сол күнді армандаймын!
жеке
блог

Мен сол күнді армандаймын!

МЕН СОЛ КҮНДІ АРМАНДАЙМЫН... 

Мен сол күнді армандаймын! 
Ата-анамның разылығын алатын күн, 
Келіні боп бір үйдің баратын күн. 
Ақ батасын алып ап үлкендердің, 
Бір отбасы түтінін жағатын күн... 

Мен сол күнді армандаймын! 
Ақ босаға аттайтын бақытты күн, 
Ақ жаулықты басыма байлайтын күн. 
Келіні боп бір үйдің қызмет етіп, 
Әр бір күнді күлкіге байлайтын күн. 

Мен сол күнді армандаймын! 
Ерімменен намазға тұратын күн, 
Хадис жаттап, білімге бет бұратын күн. 
Құрандай қасиетті кітабымның, 
Үніне құлақ салып сүретін күн. 

Мен сол күнді армандаймын! 
Әр кеште ерім разы болатын күн, 
Ұйқыға разылықпен жататын күн. 
Түн ұйқыны алмастырып құлшылыққа, 
Ұйқыдан тәхажжудқа тұратын күн. 

Мен сол күнді армандаймын! 
Салихалы ұл-қызды өсірер күн, 
Дін жолына жастай-ақ беретін күн. 
Шариғатпен шам жағып жүрегіне, 
Қарилықпен тақуа боп жүретін күн. 

Мен сол күнді армандаймын! 
Қылаң беріп таң атса намазбенен, 
Тәубе етіп әр атқан таңымызбен. 
Ин Ша Аллаһ нәсіп етсе ұлы Аллаһ, 
Жетерміз Жұмаққа да жарымызбен!