Тур де Франс немесе Франция Туры
жеке
блог

Тур де Франс немесе Франция Туры

14 шілде Франция Республикасының Ұлттық мейрамы - Бастилияны басып алу күні. 228 жыл бұрын, яғни 1789 жылы париждіктер көтеріліске шығып, Бастилия түрме-қамалын басып алды. Бұл оқиға Ұлы француз революциясының бастамасы болды. Жыл сайын Алматы қаласындағы Көк-төбе шатқалында осы ұлы мерекені атап өту үлкен дәстүрге айналды.

Бұл мерекеде қаламыздағы белгілі мейрамханалар өз тағамдарын ұсынды. Кешке келген қонақтарға арнап ән айтылды, би биленді, түрлі кәде-сыйлар таратылды.

Биылғы мерекенің басты тақырыбы - «Франция туры!». Франция елінде жыл сайын Тур де Франс немесе Франция Туры - әлемдегі ең белгiлi және мәртебелi велосипед жарысы өткізіледі. Бұл жолы ұйымдастырушылар тақырыпқа сай әлемдік веложарысқа басты назар аударды.

Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 25 қаңтарда орнатылды. Екі ел арасындағы достастық нәтижесінде үлкен шаралар өткізіліп келеді.