Мінсіз адамсыз ба? (байқау)

 Мінсіз  адамсыз ба? (байқау)
жеке
блог

"Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады" деген Абай  Құнанбайұлының нақыл сөзі бар.Мен осы уақытқа дейін Абайдың қанатты сөздерін,өлеңдерін жаттап келемін. Дүние есігін ашқан сәттен бастап,мінезім ерке болатын.Біреу сұраса, "қой  аузынан шөп алмас" мен ғой деп қоям ғой.Қайдан  білейін  ол  кезде бұл сөзді түсінбеймін ғой. Әйтеуір,көп сөйлесем болды. Есімде  бір қызық  жайт қалып қойған-ды. Бір кезде аулада ойнап жүр едім бір қарт әжей:"-Жанымау,кімнің қызысың,бойыңда мін  жоқ екен"деген еді.Содан бері "мін" деген сөзді ары зерттеп,бері зерттеп келемін.

Сіз мінсіз адамсыз ба?

 Ең алғаш "мін" деген сөзді естіп аң-таңмын.Осындай сөздің бар екенін де білмеппін.Ақыр соңында міннің екі түрі болатынын білдім.Ол–кінә мен күнә. Кінә – адамның адамдар алдындағы міні болса, күнә – адамның жаратушысы алдындағы міні.Әр адам өзінен емес,өзгеден мін іздегенді жақсы көреді.Бала кезімде ана әжейдің айтқан сөздерінен кейін біліп,білмей істеген қателіктерім көп қой."Мін"деген сөзді зерттеу жолында да қаншама қателік кетті.

    Бүгін алдыма мақсат қойдым. Мінсіз боламын деп. Қалай боламын?  Мұхтар Әуезов атамыздың "Абай жолы"  роман-эпопеясын екінші мәрте  оқып шығамын. Қазақ тілінде емес,орыс тілінде.Неге десеңіз,орысша оқысаң одан әрі қызық деп бір досым айтқан еді.Абай арқылы өзіңді тани аласың.

"Абай жолын"орысша қанша күнде оқып шыға аламын?Қызық...

Бүгіннен бастайын,ал сәттілік!!!Мінсіз адам  болғың келсе,Абайды оқы, ерінбе! Сұрағыңа жауап алдың ба? Мінсіз адамсыз ба?