2012-түлектеріне сәттілік!

Бұл күн де өте шықты.Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын.Біреулер үшін бұл мейрам 20-жылдық болса,біреулер үшін үшін 10- жылдық,ал мектеп бітіріп жатқан жас түлектер үшін ең маңызды күн болып саналады. Қоңырау үні соңғы рет соғылған болатын.Ия,кезінде тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған болсақ,енді міне,жаңа өмірге қадам басқалы отырмыз.Енді алда үлкен ҰБТ сынағы күтіп тұр.Жүректеріңіз дүрсілдеп жүрген шығар.Менің де.Бірақ сары уайымға салынудың қажеті жоқ деп ойлаймын,бұл күн де тез өте шығады.Енді 3 айдан кейін cтудент болып жүретін күнге де  жетерміз.Алла соған жеткізсін.2012 түлектері сіздерге тек сәттілік тілеймін.ҰБТ-дан сүрінбей өтіп,қалаған мамандық иесі болыңыздар.



Бөлісу: