EXPO-2017 - болашаққа даңғыл жол

EXPO-2017 - болашаққа даңғыл жол
жеке
блог

Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985жылы Жапонияда, 1992 жылы Италияда, 1998 жылы Португалияда, 2000 жылы Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өтті. Осылайша бүгінге дейін халықаралық көрме 65 рет ұйымдастырылған екен.    expo                                   

1900 жылы Париждегі Бүкіл Дүниежүзілік көрмеге 51 миллион адам қатысыпты. Бұл XIX ғасырдың бүкіл тарихындағы көрермендердің рекордтық саны еді. Ал 1904 жылы Сан-Луистегі яғни АҚШ-тағы көрмеге келушілер алғаш рет мұз салынған шәйдің, ыстық бұршақтың, орама балмұздақтың дәмін татып, жаңа туған сәбилерге арналған инкубаторларды тамашалауға мүмкіндік алды.     ice cream                            

1939 жылы Нью-Йорктегі көрмеде алғаш рет телевидение саласында RCA жетістіктері мен алғашқы су турбинасы ұсынылды.

fontan

EXPO аясында сәулет өнері де ерекше қарқынмен дамыды. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың,техникалық прогрестің, және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты. Олардың қатарына Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы жатады. Сондай-ақ, күнделікті тұрмыстық қолданыстағы лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, телеграф пен электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар мен роботтар алғаш рет осы бүкіл дүниежүзілік көрмелерде ұсынылған болатын. 

paris

Ал XIX ғасырдың үшінші бөлігі сәулет саласы мен техникадан бөлек, көңіл көтерудің жаңа түрлері мен ғажайып заттарды таныстыруға арналды. Осылайша, ауа шарымен, дирижабльмен саяхат, кинематографтағы алғашқы қадамдар, қазіргі аттракциондардың алғашқы нұсқалары пайда болды.       shariki                                             

Қазақстан Республикасы Халықаралық көрмелер бюросының мүшелігіне 1997 жылдан бері енді және EXPO-ға 2005 жылдан бастап қатыса бастады. Миландағы «ЭКСПО-2015» Бүкіл дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны  «Тақырып пен мазмұнның үздік ашылуы» номинациясы бойынша ең үздік павильондардың үштігіне енді. Осылайша кезекті EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі Астана қаласына бұйырды.

Жүрсінбекова Ғалия Асылханқызы

Қазақ Мемлекеттік қыздар падагогикалық университеті

дене шынықтыру және спорт кафедрасының    

аға оқытушысы