Қабыландарға Арландар қарсы

Қабыландарға Арландар қарсы
жеке
блог
Бокс десе ішкен асымды жерге қоюға даяр жан ретінде Астана арландарының жекпе-жектерін сүйіп тамашалаймын. Әр боксшының ерекшелігі мен техникасын жақсы білемін десем, мақтанды демессіздер. 
 
Әр маусымның айқастарын қалт жіберместен тамашалауға дағдыланып алыппын. Әсіресе, биылғы жылды қазақ халқының рухы аспанға жеткен маусым деуге болады, тек аяқталуға жақын...
 
Арландардың осы маусым бойына жанын сала айқасып, көпшілік қауымға қызықты жекпе-жектер ұсынып қана қоймай, керемееет бокс өнерін көрсеткендеріне ризамын!
 Arlans.
Алдағы сенбіде Дүниежүзілік бокс сериясының финалы өтеді. Қазақстан астанасының шаршы алаңында "Astana Arlans" пен "Cuba Domadores" командаларының боксшылары өнер көрсететін болады.
Сонымен, зарыға күттірген финалдық жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімі: 
 
49 келіде, Теміртас Жүсіпов (9-6) - Хоанис Архилагос (11-5) 
 Теміртастың жеңісіне сеніммен қарау артық емес шығар. Себебі, төменгі салмақта шеберлігі асқан боксшылардың алдыңғы қатарында!
 
52 келіде, Олжас Сәттібаев (10-2) - Йосвани Вейтия (22-3) 
   Қарсыласы әлем чемпионатының жүлдегері болғанмен, Олжасымыз намысты беріп қарап тұра қоймас.
Не дегенмен, құрама капитаны ретінде жауапкершілікті артығырақ сезінеді ғой!
 Ollzhas.
56 келіде, Ілияс Сүлейменов (5-3) - Хавьер Иванез (4-2) 
  Сүлейменов пен қарсыласының шеберліктері тең дәрежеде, дегенмен, қазақ даласында өтетін кездесуде жеңілуге жол жоқ!
 
60 келіде, Закир Сафиуллин (9-5) - Ласаро Альварес (23-1) 
 Оо, еең мықты саңылағымыздың бірі, өзім сүйсінетін Зәкір!
 Бүркіттей спортшымызға ең мықты кубалық қарсы тұрмақшы.. Әрине, қазақтың ұлы жерге қаратпас!
 Zakyyr.
64 келіде, Ділмұрат Мижитов (3-2) - Энди Круз (10-0) 
  Жеңілмеген кубалық Ділмұратқа қарсы! Берілмейміз!
 
69 келіде, Асланбек Шымбергенов (9-3) - Роньель Иглесиас (20-4) 
  Қазақтың салмағындағы жеңісті өзгеге бере салу - қате. Шымбергеновке сенеміз!
 
75 келіде, Әбілхан Аманқұл (4-0) - Арлен Лопес (15-6) 
  Мықты боксшыларымыздың бірі Әбілханның жеңісі айқын секілді.
Жарақаты кедергі болмаса екен!
Уақыт көрсетер...
 Amankul.
81 келіде, Арман Рысбек (5-1) - Хулио Сесар ла Крус (20-3) 
  Жұдырығы шойындай Арманға сәттілік серік болса екен!
  Қарсыласының шеберлігі басым..
 
91 келіде, Антон Пинчук (3-2) - Эрисланди Савон (23-1) 
  Пинчукты 91 келінің мықтысы десек артық емес. Бірақ, қарсыласы тым мықты!
 
+91 келіде, Олжас Бұқаев (1-1) - Йоандри Тоирак (3-2) 
 Меніңше, жеңбеген Олжасымыздың орнына Қамшыбекті шығарған жөн болар еді..
 
Өздеріңіз байқағандай, бұл жекпе-жекке Ұлттық құрамада өнер көрсететін боксшылар енбеген екен. Олар әлем чемпионатына дайындық жүргізуде.
Құрама капитаны Олжас бір сөзінде, "арландардың дайындығы тамаша әрі ұлттық құрама боксшыларын аса қажет етепейміз" деген болатын. Солай болғай!
 
Еске салайық, WSB жобасының жетінші маусымының финалы 15 шілде күні Астана қаласында өтеді.