Рецензия жаза білесіз бе?(Байқау)

Рецензия жаза білесіз бе?(Байқау)
жеке
блог

Байқаудың алдыңғы бөлімінде фильм көріп, рецензия жазуды мақсат еткенмін. Бірақ, алдымен оның шарттарын ұсынуды жөн көрдім.

Рецензия дегеніміз не? 

 Рецензия - журналистика саласының ірі бөлігі, көркем өнер сынының жанры.

Кез-келген туындыға(яғни кітап, фильм, қойылым, шығарма,т.б.)оқырман тарапынан өз пікірін жеткізуі түрінде жазылады.

Рецензияны қалай дұрыс жазу керек? Тоқталайық.

 Фильмге арналған рецензияның шарттары:

1. Фильм туралы керекті ақпараттарды жиып алыңыз.

  Әрине, бәріне таныс мәліметтің керегі жоқ. Оны оқырман өзі-ақ тауып алады.

Рецензияға қажеті:

Фильмнің атауы, шыққан мерзімі

Режиссердің есімі

Басты рөл иегерлерінің есімі

Жанры

2. Фильмді көріп отырып деталдарға мән беріңіз.

 Нақты айтар болсам, кейіпкерлердің киімдері, грим, әуеннің қойылу мерзімі, жарықтың түсуі, т.б. Мұндай деталдардың фильмнің сапасына әсері қандай екеніне назар аударыңыз.

3. Фильмді кей жерлерден тоқтатып, керектерін жазып алыңыз

 Тоқтату ең алдымен кейбір маңызды нәрселерді өткізіп алмау үшін қажет және көргендеріңді сәл жинақтап алуға көмектеседі.

 Осындай уақытта көзіңе түскен кез-келген ерекшелікті, әдемі бөліктерді немесе сол минутты қағазға түртіп алыңыз.

4. Режиссер мен оператордың жұмысын бағалаңыз.

Фильмдегі әрбір қозғалыстың әсемдігі, нақтылығы режиссердің біліктілігін айғақтайды. Эпизоттардың көңілге қонымдылығын немесе артықтығын тексеріңіз. Егер фильмнен қателікті байқасаңыз, жазып қойыңыз.

Аталған режиссердің өзге туындыларымен және осы жанрдағы басқа да фильмдермен салыстыра жазсаңыз нұр үстіне нұр болатын еді!

Жарықтың түсуі мен артқы фонға, түрлі дәнекерлеуге назар сала отырып, операторға баға бере аласыз.

5. Сценарист жақсы ма?

Әрине, әр фильм сюжеттен тұрады.Белгілі бір кітаптан бастау алған немесе сценаристтің туындысы. Кітап үлгісімен жазғанның өзінде өзгертулер керек болады ғой!

Сонымен, бұл жағдайда әрбір сөзге назар аудару маңызды. Барлық фильмде есте қаларлықтай, ерекше сөздер кездесетіні хақ. Біздің мақсатымыз сондай сөздерді немесе керемет диалогты тауып, рецензияға кірістіру. Мұндайда оқырманның қызығушылығы арта түседі.

6. Сіз басты кейіпкерлерге сендіңіз бе?

 Әдетте бұл рөлді сомдаушылардың талантына және режиссердің білгірлігіне байланысты. Бұл туралы рецензияңызда тарқата жазыңыз.

8.Саундтрек құлаққа жағымды ма?

 Фильмге саундтректің сәйкес келуі өте маңызды. Сонымен бірге, әуеннің тым көп немесе аз екеніне назар салыңыз. Кей фильмдерің өздерінен әуендері көбірек танылатындары көп.

9. Фильмді екі-үш қайтара көріңіз.

Бұл жолы еш тоқтатусыз, шын беріле тамашалаңыз. Жаңа нәрсе байқайтыныңыз анық!

10. Өз қиялыңыз бен ойыңызды бұғауламаңыз.

 Өзгенің пікірін пайдаланудан аулақ болыңыз, мүмкін сіздің әсеріңіз басқалардыкінен жоғары деңгейде шығар.

11. Оқырман үшін ғана емес, өзіңіз үшін жазыңыз.

 Ләззат ала отырып жазылған рецензияның көркем шығары сөзсіз. Егер қаламасаңыз, тіптен қолыңызға қалам алмасаңыз да болады. Себебі, қанша тырысқаныңмен ештеңе шығара алмауың мүмкін немесе керемет болмайды.

 

Ескере кететін нәрсе, рцензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі қажет.